«Жетісу» желілік-өндірістік басқармасының маманы

«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Алматы» магистральдық газ құбырлары басқармасы Талдықорған қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
3356

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • ұйымдастыру және есептеу техникасын пайдалану негізінде құжаттармен және құжаттамалық ақпаратпен жұмыс істеудің технологиялық үрдістерін ұйымдастырады (есепке алу, орындалуын бақылау, жедел сақтау, анықтамалық жұмыс);

    «Жетісу» ЖӨБ  іс жүргізу құжаттарының жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;

    «Жетісу» ЖӨБ құжаттаманы жүргізу жүйесін енгізуді ұйымдастырады;

    «Жетісу» ЖӨБ үшін сыртқы хат-хабарлар мен құжаттарды алуды ұйымдастырады;

    Филиалдың және Қоғамның басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекеттестікті жүзеге асырады;

    құжаттар мен ақпараттық көрсеткіштердің құрамын ретке келтіру, олардың санын қысқарту және құжат ағындарын оңтайландыру жөнінде шаралар қабылдайды;

    құжаттардың құндылығын сақтау және сараптау үшін «Жетісу» ЖӨБ құрылымдық бөлімшелері беретін құжаттарды іріктеуге қатысады;

    Филиал мен Қоғам бұйрықтарының, өкімдерінің уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

    «Жетісу» ЖӨБ электрондық құжат айналымы жүйесінде (ЭҚЖ) шығыс хат-хабарларды тіркеуді, өңдеуді және бөлуді жүзеге асырады;

    «Жетісу» ЖӨБ басшылығының демалыс кестесін қалыптастырады;

    «Жетісу» ЖӨБ  басшылығының жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізеді;

    құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерінің ЭҚЖ-дағы құжат айналымының уақтылы және сапалы орындалуын және «Жетісу» ЖӨБ бастығының тапсырмаларын бақылауды жүзеге асырады;
    келушілерді қабылдауды, тіркеуді және оларға алғашқы қызмет көрсетуді ұйымдастырады, сондай-ақ «Жетісу» ЖӨБ азаматтарды жеке қабылдауды жүргізу тәртібін қамтамасыз етеді;

    аппараттық кеңестерде берілген тапсырмалардың уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асырады және олардың орындалу мәртебесін дерекқордағы бақылау құжаттарында көрсетеді;

    қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасауға және қамтамасыз етуге, өндірістік және еңбек тәртібін нығайтуға және жұмыс орнында тәртіпті сақтауға бағытталған ЕҚжЕҚБЖ.

    талаптарына сәйкес қызметті жүзеге асырады.

     Талаптары:

    • Білімі - Жоғары;
    •  Жұмыс тәжірибесі:талап етілмейді.