Индер газ шаруашылығының көлік жүргізушісі
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Атырау өндірістік филиалы Индербор к.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Құрметті ізденуші!
Біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет.
Бос орынға жауап бермес бұрын конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
- Білім, тәжірибе, дағдылар және т.б. туралы ұсынылатын деректердің анықтығына ізденуші жауапты болады.
- Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоғы туралы анықтама беру қажет.
- Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қадағалауыңызды сұраймыз.
Төменде сіз жарияланған бос орнымен таныса аласыз.
Міндеттері:
- Жолға шығар алдында автокөліктің техникалық жағдайын күнделікті тексеру, техникалық қызмет көрсету, қосалқы дөңгелектің, дөңгелекті шешуге және шиналарды монтаждауға арналған құрал-саймандардың бар-жоғын және жарамдылығын тексеру.
- Күнделікті жолға шығар алдындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқамадан, медициналық тексеруден өту, жол парағын және бензин талондарын алу және ресімдеу.
- Жедел түрде (5 минут ішінде) жолға шығуды қамтамасыз ету.
- Жұмыс барысында туындаған және механизмдерді бөлшектеуді қажет етпейтін жылжымалы құрамның ұсақ пайдалану ақауларын жою арқылы автокөліктің сақталуын қамтамасыз ету.
- Бекітілген техникалық қызмет көрсету кестесіне сәйкес ТО-1 және ТО-2 техникалық қызмет көрсетулерін жүргізу.
- Жөндеу бригадасының құрамында аспалы жабдықтарды, жүріс бөлігін және электр жабдықтарын ауыстыру және жөндеу жұмыстарын жүргізу.
- Шиналарды күтіп ұстау, шиналарға ауа қысымын толықтыру, май және тосол құю.
- Қызметтік автокөлікті таза ұстау.
- Жөндеуден кейін автокөлікті сынақтан өткізу және қозғалтқышты іске қосу, сондай-ақ агрегаттар мен тораптардың дұрыс құрастырылмаған жағдайында жөндеу бригадасының құрамында оларды қайта өңдеу және кемшіліктерін жою.
- Жол парақтарын алу, медициналық тексеруден өту, арнайы автокөлікті техникалық тексеру, жанар-жағармай материалдарын (ЖЖМ) және ЖЖМ талондарын алу, аяқталмаған жұмыстар туралы ауызша баяндама жасау.
- Жұмыстан гаражға оралғаннан кейін автокөлікті белгіленген орынға қою.
- Қызметтік автокөлікті үшінші тұлғаларға басқаруға беруге тыйым салынады.
- Қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым салынады.
- Алдын ала болжанбаған жағдайлар (ЖКО, ақаулар және т.б.) туындаған кезде АТС бастығына немесе механикке дереу хабарлау.
Талаптар:
- Білімі – орта техникалық білім. Жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.
- В, С, С1 санаттарындағы жүргізуші куәлігі болуы тиіс.
- Жүргізуші орындалатын жұмыстардың көлеміне сәйкес мынадай практикалық дағдыларды меңгеруі тиіс:
- Жолаушыларды тасымалдау, жүктерді жіктеу және оларды тасымалдау қағидалары;
- Автокөлікке техникалық қызмет көрсету кезінде қолданылатын бензинмен және басқа да тез тұтанатын заттармен жұмыс істеу қағидалары;
- Жол-көлік оқиғаларының алдын алу тәсілдері.
Шарттары: Атырау облысы, Индер ауданында тұрғылықты мекен-жайы болуы.
Ұқсас вакансиялар
«Жетісу» желілік-өндірістік басқармасының маманы
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Алматы» магистральдық газ құбырлары басқармасы | Еңбекпен толық қамтылу
| Талдықорған қ.
18.09.2026 | 3357
"Ұйымдықтехдиагностика" қызметінің көлік бөлімінің көлікті пайдалану және техникалық қызмет көрсету жөніндегіі инженер
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Инженерлік-техникалық орталық» | Еңбекпен толық қамтылу
| Орал қ.
18.09.2026 | 82
"Ұйымдықтехдиагностика" қызметінің КС техникалық диагностика бөлімінің инженер-геодезист
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Инженерлік-техникалық орталық» | Еңбекпен толық қамтылу
| Орал қ.
18.09.2026 | 4649