""ҚТЖ" ҰК "АҚ филиалы қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы - "Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі"
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Компанияның, дирекцияның құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп магистральдық теміржол желісі объектілерінің жай-күйін және техникалық жарақтандыруды қарау
- компания, Дирекция басшылығының өндірістік кеңестеріне (дирекцияның қатысушы құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп)ҚТҚ қызметінің қорытындылары бойынша материалдар дайындау
- ҚТҚ бойынша қозғалыс қауіпсіздігінің жай-күйін талдауды дайындау. Қозғалыс қауіпсіздігін бұзу жағдайларын азайту бөлігінде ЭҮП жұмысын бақылау мен ұйымдастыруды қатаңдату жөнінде шаралар қабылдау және профилактикалық іс шараларды жүргізу
- ҚТҚ бойынша қозғалыс қауіпсіздігінің жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, олардың ЭБЖ орындалуын бақылау
- ҚТҚ шекараларында жол берілген қозғалыс қауіпсіздігін бұзу жағдайларын тергеуге, ҚТҚ басшылығында жол берілген қозғалыс қауіпсіздігін бұзу жағдайлары бойынша жедел кеңестер өткізуге қатысу
- ЖТҚ басшылығында кеңестер өткізу үшін қозғалыс қауіпсіздігі мәселелері бойынша ақпарат дайындау, хаттамаларды ресімдеу (қажет болған жағдайда бұйрықтар шығару)
- Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ЭБЖ орта буын басшыларының білімін тексеруге қатысу, технологиялық процестің кестелерін орындау;
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі),
- Мамандығы: Құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы, Көпірлер мен көлік тоннельдері); Көлік құрылысы; көлік техникасы мен технологиялары (көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары)
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар