Қауіпсіздік қызметінің аға инспекторы

«KMG EP-Catering» ЖШС Жаңаөзен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
14

Қаралған саны:
112

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Қызмет қызметкерлері әзірлеген құжаттар мен хаттардың жобаларын келісу.

  • Қызметтің ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын әзірлеуді және олардың орындалуын қамтамасыз ету.

  • Корпоративтік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қауіпсіздік саласындағы ішкі өндірістік саясат мәселелері бойынша «ҚМГ» ҰК» АҚ-мен, оның еншілес және тәуелді ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау.

  • Серіктестік объектілерінің күзетілуін қамтамасыз ететін күзет ұйымының жұмысын үйлестіру.

  • Серіктестіктің қауіпсіздік саласындағы қажеттіліктері үшін жылдық сатып алу жоспарын жоспарлауды ұйымдастыруды бақылау.

  • Күзетілуге жататын Серіктестік объектілерінің тізбесін келісу.

  • Серіктестік объектілерін ұрлықтан, жымқырудан және өзге де қылмыстық қол сұғушылықтардан, өрттен, авариялардан, вандализм актілерінен, табиғи апаттардан, қоғамдық тәртіпсіздіктерден және басқа да қауіп-қатерлерден сенімді қорғауды қамтамасыз ету.

  • Серіктестіктің жоспарланатын және әзірленетін ішкі құжаттарын (қағидалар, нұсқаулықтар және т.б.) қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде келісу.

  • Күзетілетін объектіге рұқсатсыз кіру әрекеттерінің жолын кесу.

  • Тасымалданатын материалдық құндылықтардың (жабдықтар мен арнайы техниканың) сақталуын қамтамасыз ету, оларға рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттерінің жолын кесу.

  • Күзетілетін объектінің дабыл және байланыс жүйелеріндегі күрделі емес техникалық ақауларды анықтау және жою.

  • Қатаң бақылау-өткізу режимінің сақталуын қамтамасыз ету және қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіздік режимі талаптарын сақтауын бақылау.

  • Күзетілетін объектілерге қатысты қылмыстық қол сұғушылық фактілерін тергеу кезінде құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарға жан-жақты көмек көрсету.

  • Өз құзыреті шегінде Серіктестік және «ҚМГ» ҰК» АҚ басшылығының бұйрықтарын, өкімдерін, нұсқаулары мен тапсырмаларын орындау.

  • Қауіпсіздік және өзге де ұйымдастырушылық-практикалық мәселелерді шешу мақсатында, сондай-ақ жүктелген міндеттер мен функциялар шеңберінде Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерімен (бұдан әрі – ҚБ) өзара іс-қимыл жасау.

  • Міндеттер мен функцияларды орындау шеңберінде құқық қорғау, қадағалау және арнайы органдармен өзара іс-қимыл жасау.

  • Серіктестік қызметкерлерінің дәстүрлі емес діни ағымдарға бейімділігін анықтау және оларды бақылауды жүзеге асыру, осы санаттағы қызметкерлер бойынша есептілік ұсыну, сондай-ақ оңалту жұмыстарын жүргізу.

  • Қауіпсіздік қызметінің жұмыс уақытын есепке алуды жүргізу.

  • Жеке автокөлік құралдарын қызметтік мақсатта, оның ішінде өнеркәсіптік аймаққа кіру және одан шығу кезінде пайдалануға жол бермеуді бақылау. Бұзушылықтар анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Серіктестіктің ішкі құжаттарына сәйкес тиісті шаралар қабылдау.

  • Мәліметтердің жария етілуі, құжаттардың, құндылықтардың жоғалуы және Серіктестіктің қауіпсіздік талаптарының өзге де бұзылуы фактілері бойынша қызметтік тергеулерді ұйымдастыру және жүргізу.

  • Серіктестік басшылығының тапсырмасы бойынша кәсіби-біліктілік деңгейіне және функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін қосымша жұмыстарды немесе функцияларды орындау.

  • Физикалық, ақпараттық, экономикалық және ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

  • Серіктестікте ішкі еңбек тәртібі қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету.

  • Серіктестік қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, қауіпсіздік стандарттары, қағидалары мен нормалары талаптарын сақтауын қамтамасыз ету.

  • Серіктестіктің техника қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау.

  • Қауіпсіздік саласына қатысты жоспарлар мен іс-шараларды әзірлеу.

  • Серіктестік қызметкерлерінің, бөгде тұлғалар мен ұйымдардың, сондай-ақ көлік құралдарының Серіктестік объектілеріне және Серіктестіктің келісімшарттық аумағына кіру тәртібінің сақталуын бақылау.

  • Жаңадан жұмысқа қабылданған қызметкерлермен олардың адалдығын анықтау және Серіктестіктің қауіпсіздік жүйесі шеңберінде негізгі қызметтік міндеттеріне қосымша міндеттер жүктеу мақсатында әңгімелесу жүргізу.

  • Коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу туралы міндеттемелерді ресімдеу.

  • Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік-санитариялық және өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу және азаматтық қорғаныс саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық және нормативтік актілерінің талаптарына сәйкес жұмыстарды орындау.

  • Сатып алу мәселелері бойынша корпоративтік құжаттардың талаптарын бұзғаны үшін жауапты болу.

Талаптар:
Қауіпсіздік қызметінің аға инспекторы лауазымына жоғары кәсіптік білімі бар және құқық қорғау органдарында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады.

Шарттар: 
 

Қауіпсіздік қызметінің аға инспекторы лауазымына жоғары кәсіптік білімі бар және құқық қорғау органдарында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады.



Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)