"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Көп функционалды қызмет көрсету орталығы" филиалы Балқаш станциясының есепке алу тобының жетекші маманы

от 409 129
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» Балқаш қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Қызметкер болмаған кезде, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
184

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Балқаш вагон депосынан құжаттарды қабылдайды, олардың дұрыс ресімделуін тексереді және негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің келіп түсуіне, есептен шығарылуына және орын ауыстыруына қатысты бастапқы құжаттардың SAP_RWP автоматтандырылған жүйесіне уақтылы енгізілуін қамтамасыз етеді;
  • Балқаш вагон жөндеу депосында SAP RWP автоматтандырылған жүйесінде баланстан тыс есептегі тауарлы-материалдық құндылықтардың (арнайы киім, құрал-саймандар мен жабдықтар) есебін жүргізеді.Балқаш вагон депосынан құжаттарды қабылдайды, олардың тиісті түрде ресімделуін тексереді және SAP_RWP автоматтандырылған жүйесінде тауарлы-материалдық құндылықтардың келіп түсуіне, есептен шығарылуына және орын ауыстыруына қатысты бастапқы құжаттардың уақтылы тіркелуін қамтамасыз етеді;
  • Балқаш вагон жөндеу депосынан жеке тұлғаларға тауар-материалдық құндылықтарды сатуға қатысты бастапқы құжаттарды қабылдайды, олардың тиісті түрде ресімделуін тексереді, SAP_RWP автоматтандырылған жүйесінде сату шот-фактураларын қалыптастырады және IS ESF жүйесінде электрондық шот-фактуралардың уақтылы әрі дәл жазылуын қамтамасыз етеді;
  • Балқаш вагон жөндеу депосында SAP RWP автоматтандырылған жүйесінде баланстан тыс есептегі тауарлы-материалдық құндылықтардың (арнайы киім, құрал-саймандар мен жабдықтар) есебін жүргізеді.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары.
  • Саладағы мамандығы: Бухгалтерлік есеп және аудит, Экономика, Қаржы.
  • Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне талап қойылмаған.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр