Ақпараттық технологиялар департаментінің IT-инфрақұрылым бойынша бас менеджері(аутстаффинг)
«QazaqGaz» ҰК» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Қоғамның серверлік және есептеу инфрақұрылымының дамуын, пайдаланылуын және ақауға төзімділігін қамтамасыз етеді, мақсатты архитектураны және оны дамыту жоспарларын қалыптастырады, жабдыққа, ресурстарға және лицензияларға қажеттілікті айқындайды,
- Серверлік архитектураны жобалау және жаңғырту, ақпараттық жүйелерді орналастыру, болжамды жүктемені ескере отырып есептеу ресурстарын және деректерді сақтау жүйелерінің ресурстарын (ДСС) есептеу мен бөлуін ұйымдастырады;
- серверлік жабдыққа, ДСС-ға, лицензияларға және техникалық қолдау қызметтеріне арналған техникалық тапсырмаларды, спецификацияларды және сатып алуды негіздеулерді әзірлейді және келіседі, серверлік шешімдер бөлігінде жобалау-сметалық құжаттаманы қарайды;
- серверлік жабдықтың, виртуализация жүйелерінің, деректерді сақтаудың, SAN-инфрақұрылымның, каталог қызметтерінің, электрондық поштаның және Қоғамның базалық инфрақұрылымдық сервистерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
- серверлік операциялық жүйелерді (Windows Server, Linux) және виртуализация платформаларын әкімшілендіруді ұйымдастырады, кластерлер мен ресурстарды басқаруды, жаңартуларды орнатуды және БҚ нұсқаларының үйлесімділігін бақылауды жүзеге асырады;
- контейнерлік инфрақұрылымды орналастыру және сүйемелдеуді қамтамасыз етеді (Docker, Kubernetes): кластерлерді, түйіндерді және атаулар кеңістіктерін басқару, сақтау томдары мен желілік байланыстылықты қамтамасыз ету, образдар реестрлерін және олардың қауіпсіздігін бақылауды;
- конфигурацияны басқару құралдарын және «инфрақұрылым — код ретінде» тәсілдерін қолдана отырып инфрақұрылымды орналастыру мен сүйемелдеуді автоматтандыруды қамтамасыз етеді, әзірлеу бөлімшелерімен бірлесіп CI/CD конвейерлерін ұйымдастыруға қатысады;
- деректерді резервтік көшіру және қалпына келтіру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, резервтеу регламенттерін сақтау, қалпына келтіруді тұрақты тестілеу және мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуін (RTO/RPO) қамтамасыз етеді;
- ИТ-сервистердің, есептеу және контейнерлік ресурстардың өнімділігін, қолжетімділігін және сыйымдылығын мониторингтеуді қамтамасыз етеді, оқиғалар журналдарын жинау және талдау, қолжетімділік көрсеткіштерін сақтау және сенімділікті арттыру бойынша іс-шараларды іске асыру;
- ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесімен өзара іс-қимылда серверлік және контейнерлік инфрақұрылымды қорғауды қамтамасыз етеді: есептік жазбалар мен қолжетімділік құқықтарын басқару, артықшылықты қолжетімділікті шектеу, қауіпсіздік жаңартуларын орнату және осалдықтарды жою;
- инциденттерге ден қоюды, олардың себептерін талдауды және қайталанатын істен шығулардың алдын алуды қамтамасыз етеді, регламенттік жұмыстарды жүргізеді және өзгерістерді өндірістік процестерге әсерді барынша азайта отырып басқарады, қызметтің үздіксіздігі жоспарларын әзірлеуге және тестілеуге қатысады (ВҚЖ/DRP);
- жобаларды іске асыру кезінде мердігер ұйымдармен және жабдық өндірушілерімен өзара іс-қимылды үйлестіреді, шарттық міндеттемелер мен техникалық қолдауды бақылауды, жұмыстарды қабылдауды және бюджет қаражатын игеруді, серверлік инфрақұрылым мәселелері бойынша ДЗО-ларды үйлестіруді жүзеге асырады;
- техникалық құжаттаманы, орналастыру сызбаларын және жабдық, виртуалдық машиналар мен лицензиялар тізілімдерін жүргізуді қамтамасыз етеді, Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарын әзірлейді, басшылықтың, бақылаушы органдардың сұрау салулары бойынша және аудиттер шеңберінде есептік материалдарды дайындайды;
- «Самұрық-Қазына» Қоры мен мемлекеттік органдардан келіп түсетін хаттарды, сұрауларды және хабарламаларды тексереді;
- ИТ бағыты бойынша жауаптар мен түсіндірмелерді дайындайды, келіп түскен хаттар мен сұрауларға жауап береді;
- ИТ-тəуекелдерді әзірлеуге және басқаруға қатысады;
- Қоғамның телекоммуникациялық инфрақұрылымын құруға бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету үшін Қоғамның нормативтік құжаттарын әзірлейді;
- бекітілген бюджет шеңберінде департаменттің қажеттіліктерін Қоғамның сатып алу жоспарына енгізу туралы өтінімдерді қалыптастырады және тапсырады;
- жасалған шарттар бойынша актілерді (тауарларды қабылдау-беру, көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар) келіседі.
Талаптар:
- Ақпараттық технологиялар, телекоммуникациялар немесе сабақтас бағыттар бойынша жоғары техникалық білім.
- Кәсіби салада жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Маманға қойылатын талап:
- серверлік инфрақұрылым архитектурасын, виртуализация жүйелерін, деректерді сақтау және резервтік көшіруді білу;
- ақауға төзімді есептеу кешендері мен деректер өңдеу орталықтарын құру тәжірибесі;
- ИТ-инфрақұрылымды пайдаланудың заманауи технологияларын және ақпараттық қауіпсіздік талаптарын түсіну;
- мониторинг жүйелерімен, техникалық құжаттамамен және мердігер ұйымдармен жұмыс істеу дағдылары;
- корпоративтік ИТ-инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жобаларды іске асыру тәжірибесі.
- желі инфрақұрылымын басқарудағы базалық білім. (күдік)
Жағдайлар:
- ҚР ЕК сәйкес ресімдеу.
- Сынақ мерзімі — 3 ай.
- Бес күндік жұмыс аптасы, екі демалыс күні — сенбі және жексенбі.
Ұқсас вакансиялар
Техникалық құралдарды пайдалануды қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің менеджері
«Қазпошта» АҚ «Qazpost Digital» филиалы | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
24.09.2026 | 482
Ақпараттық технологиялар департаментінің телекоммуникациялық инфрақұрылым бойынша бас менеджері (аутстаффинг)
«QazaqGaz» ҰК» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
24.09.2026 | 100
Ақпараттық технологиялар департаментінің корпоративтік есепке алу жүйелерін құру бойынша бас менеджері (аутстаффинг)
«QazaqGaz» ҰК» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
24.09.2026 | 84