Ақпараттық технологиялар департаментінің телекоммуникациялық инфрақұрылым бойынша бас менеджері (аутстаффинг)
«QazaqGaz» ҰК» АҚ Астана қ.Міндеттері:
-
Қоғамның телекоммуникациялық инфрақұрылымы мен корпоративтік телефон байланысы жүйесін дамытуды, пайдалануды және істен шығуға төзімділігін қамтамасыз ету, деректерді беру желілерін дамытудың мақсатты архитектурасы мен жоспарларын әзірлеу, жабдыққа, байланыс арналарына және лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуге қажеттілікті айқындау;
-
Деректерді беру желілері мен корпоративтік телефония жүйелерін жобалау және жаңғыртуды ұйымдастыру, жаңа объектілер мен құрылымдық бөлімшелерді Қоғамның корпоративтік деректерді беру желісіне қосу бойынша шешімдердің архитектуралық пысықталуын қамтамасыз ету;
-
Желілік және телефон жабдықтарын, байланыс қызметтері мен инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі жұмыстарды сатып алуға арналған техникалық тапсырмаларды, техникалық ерекшеліктерді және негіздемелерді әзірлеу және келісу, телекоммуникациялық шешімдер бөлігінде жобалық-сметалық құжаттаманы (СКС, ВОЛС, ДӨО желілік инфрақұрылымы, байланыс жүйелері) қарау;
-
Жергілікті есептеу желілерінің, корпоративтік деректерді беру желісінің, байланыс арналары мен сымсыз қолжетімділіктің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
-
Корпоративтік IP-АТС және IP-телефония жүйелерін пайдалануды және техникалық қолдауды қамтамасыз ету, оның ішінде абоненттік есептік жазбалар мен нөмірлеу жоспарын әкімшілендіру, қоңырауларды бағыттауды, дауыстық мәзірлер мен қоңырау шалу топтарын баптау, байланыс операторларының SIP-транктерін қосу және бақылау;
-
Белсенді желілік жабдықтарды (маршрутизаторлар, коммутаторлар, желілік экрандар, сымсыз желілер контроллерлері), дауыстық шлюздер мен абоненттік құрылғыларды, телефония серверлері мен желінің аса маңызды тораптарын әкімшілендіруді ұйымдастыру;
-
Желілік инфрақұрылым мен телефония сервистерінің өнімділігін, қолжетімділігін және қауіпсіздігін мониторингтеуді, дауыс байланысының белгіленген қолжетімділік және сапа көрсеткіштерін (QoS) сақтауды, байланыс арналарының жүктемесін талдауды және оңтайландыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз ету;
-
Ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесімен өзара іс-қимыл жасай отырып, желілік периметр мен телефония сервистерін қорғау шараларын іске асыру, оның ішінде желіні сегменттеу, желіаралық экрандау қағидаларын басқару, қашықтан қолжетімділікті бақылау, телефон ресурстарын рұқсатсыз пайдаланудың алдын алу және анықталған осалдықтарды жою;
-
Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде мердігер ұйымдармен, байланыс операторларымен және қызмет жеткізушілерімен өзара іс-қимылды, орындалған жұмыстарды қабылдауды, сондай-ақ телекоммуникациялық инфрақұрылым мәселелері бойынша еншілес және тәуелді ұйымдардың қызметін үйлестіруді ұйымдастыру;
-
Техникалық құжаттаманы, желі топологиясының схемаларын, жабдықтар мен нөмірлік сыйымдылық тізілімдерін жүргізуді, ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуді, басшылық пен бақылаушы органдардың сұрау салулары бойынша есептік және талдамалық материалдарды дайындауды, сондай-ақ ішкі және сыртқы аудиттер шеңберінде ақпарат ұсынуды қамтамасыз ету;
-
«Самұрық-Қазына» қоры мен мемлекеттік органдардан келіп түсетін хаттарды, сұрау салуларды және хабарламаларды қарау;
-
Келіп түскен хаттар мен сұрау салуларға IT бағыты бойынша жауаптар мен түсіндірмелер дайындау;
-
IT тәуекелдерін әзірлеуге және басқаруға қатысу;
-
Қоғамның телекоммуникациялық инфрақұрылымын құрудың бірыңғай тәсілін қамтамасыз ету мақсатында Қоғамның нормативтік құжаттарын әзірлеу;
-
Бекітілген бюджет шеңберінде департаменттің қажеттіліктерін Қоғамның сатып алу жоспарына енгізу үшін өтінімдерді қалыптастыру және ұсыну;
-
Жасалған шарттар бойынша актілерді (тауарларды қабылдау-тапсыру, көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар актілерін) келісу.
Талаптар:
-
Ақпараттық технологиялар, телекоммуникациялар немесе сабақтас бағыттар бойынша жоғары техникалық білім;
-
Кәсіби салада кемінде 10 жыл жұмыс өтілі;
-
CCNP Routing and Switching; CCNP Service Provider; CCNP Security; CCNP Data Center сертификаттарының болуы;
-
Заманауи телекоммуникациялық технологияларды, SDN, маршрутизацияны, коммутацияны және желілік қауіпсіздікті білу;
-
Корпоративтік деректерді беру желілері мен желілік жабдықтарды пайдалану тәжірибесі;
-
Ақауға төзімді желілерді құру қағидаттарын түсіну;
-
Мониторинг жүйелерімен және техникалық құжаттамамен жұмыс істеу дағдылары;
-
Телекоммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту жобаларына қатысу тәжірибесі.
Шарттары:
-
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналасу;
-
Сынақ мерзімі – 3 ай;
-
Бес күндік жұмыс аптасы, демалыс күндері – сенбі және жексенбі.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
Ұқсас вакансиялар