Орталық өңір СФ Жылжымайтын мүлік секторының маманы

«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
55

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1) Филиалдың бюджеті қалыптастыру үшін деректер ұсыну;
2) мүліктік құқықтарды тіркеуді қамтамасыз ету;
3) жылжымайтын мүлік объектілерін әділет органдарында тіркеу;
4) НАО «Азаматтар үшін Үкімет» мемлекеттік корпорациясына құжаттаманы жіберу және алу;
5) жерге орналастыру жобаларын дайындауға өтінімдер жіберу;
6) жер учаскелеріне арналған мемлекеттік актілерді дайындауға өтінімдер жіберу;
7) жер-кадастрлық жоспарларды дайындауға өтінімдер жіберу;
8) жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық түгендеу жүргізуге өтінімдер жіберу;
9) мүліктік құқық түрлері бойынша объектілерді есепке алу;
10) ғимараттар мен жер учаскелеріне мүліктік құқықтарды ресімдеу, тіркеу;
11) жылжымайтын мүлік объектілерімен операцияларды реттейтін, оның ішінде жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу және шығару мәселелерін қоса алғанда, бірыңғай нормалар, ережелер және жергілікті актілер талаптарын сақтау;
12) Филиалдың жылжымайтын мүлік объектілеріне мүліктік құқықтарды ресімдеуге байланысты жобалау-іздестіру, жерге орналастыру, топографиялық және басқа да жұмыстар бойынша шарттар жасасу;
13) жылжымайтын мүлік объектілері бойынша белгіленген нысандағы қаржылық есептіліктің дәл есептерін жасау;
14) қажеттіліктерді есептеу, бюджет қаражатын пайдалану туралы аналитикалық ақпаратты баптар бойынша қалыптастыру: жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу, ресімдеу және тіркеу, үшінші ұйымдардан үй-жайларды жалға алу шығыстары, пайдаланылмайтын алаңдарды үшінші тұлғаларға жалға беруден түсетін кірістер;
15) алаңдарды жалға беруге шарттар жасасу;
16) Қоғамның қажеттіліктері үшін үшінші тұлғалардан алаңдарды жалға алу шарттарын жасасу (жылжымайтын мүлік нарығын мониторингтеу, жалға алушыларды тарту мақсатында жарнама, қосымша алаңдарды жалға алудың мақсаттылығын айқындау)
17) сұрау салулар бойынша деректерді жинауды және ұсынуды қамтамасыз ету;
18) үшінші ұйымдарға жалға берілетін үй-жайлар және үшінші ұйымдардан жалға алынатын үй-жайлар бойынша жылжымайтын мүлік пен онымен жасалатын мәмілелердің дерекқорын қалыптастыру;
19) жалға алу шарттарын ресімдеу және сүйемелдеу және үшінші ұйымдардан алаңдарды жалға алу кезінде шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
20) жалға беру шарттарын ресімдеу және сүйемелдеу және өз меншігіндегі алаңдарды жалға беру кезінде шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
21) жалға беруге арналған пайдаланылмайтын алаңдардың бар-жоғын анықтау және есепке алу, қосымша алаңдарды жалға алудың мақсаттылығын айқындау;
22) жалдау ақысының есептеулерін орындау;
23) жалдау төлемдерінің уақтылы түсуін бақылауды жүзеге асыру;
24) жылжымайтын мүлік нарығындағы сұраныс пен ұсынысты мониторингтеу;
25) қаралатын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдарға құжаттарды дайындау және олардың іске асырылуын бақылау;
26) жалға алу, коммуналдық қызметтер бойынша шот-фактураларды, орындалған жұмыстар актілерін жинау және келісу;
27) жылжымайтын мүлік объектілерін пайдаланудың тиімділігін талдау;
28) жылжымайтын мүлік объектілерін сату бойынша аукциондарды ұйымдастыру және өткізу, сатып алу-сату шарттарын жасасу, мәмілені ЦОН-да сүйемелдеу;
29) бөлімшенің қызметі бойынша презентациялық материалды қалыптастыру;
30) жылжымайтын мүлікке мүліктік құқықтарды растайтын құжаттардың түпнұсқаларының сақталуын қамтамасыз ету;


Талаптар:

-сәйкес мамандық бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім
-телекоммуникация саласында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі