Бағдарламашы
«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.Міндеттері:
-
Тапсырыс берушілердің талаптарын, Компанияның бизнес-процестеріндегі және өнімдеріндегі өзгерістерді ескере отырып электрондық оқу курстарын әзірлеу, тестілеу, баптау және жаңарту;
-
Оқу контентін әзірлеу, келісу және жетілдіру мәселелері бойынша пәндік сарапшылармен, тапсырыс берушілермен және команда қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасау;
-
Корпоративтік қашықтан оқыту жүйесін және электрондық оқу курстарын әкімшілендіру, оның ішінде оқу материалдарын орналастыру, жаңартуларды жариялау және пайдаланушыларға ақпараттық қолдау көрсету;
-
Пайдаланушылар мен тапсырыс берушілердің кері байланысын жинау және талдау, жүйе жұмысы мен оқу курстары мазмындағы кемшіліктерді анықтау, оларды жою және жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;
-
Анықталған тәуекелдер мен оқиғалар туралы тікелей басшыны уақтылы хабардар ету, еңбекті қорғау талаптарын сақтау;
-
Бөлімшенің қызмет бағытына сәйкес кәсіби даму.
Талаптар:
-
Веб-әзірлеу негіздерін, SQL базаларын, Linux операциялық жүйесін, Docker, Git және REST API-ді білу;
-
Ақпараттық жүйелерді орналастыру, интеграциялау және сүйемелдеу дағдылары;
-
Техникалық мәселелерді диагностикалау және жою дағдылары;
-
Аналитикалық ойлау, коммуникабельділік, икемділік, бейімделгіштік және жауапкершілік;
-
Іссапарларға дайындық.
Шарттар:
- Қазақстан Республикасындағы ең ірі Телекоммуникациялық Компанияда жұмыс;
- ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
- Жұмыс кестесі: 5/2, 8 сағаттық жұмыс күні;
- Уақтылы жалақы;
- Жақсы әлеуметтік пакет;
- Жыл сайынғы еңбек демалысы 30 күнтізбелік күн; еңбек демалысына материалдық көмек.
Ұқсас вакансиялар