Жобаларды іске асыру қызметінің бас менеджері

«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
18

Қаралған саны:
217

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Жобаларды басқару жүйесінің (ЖБЖ) нормативтік-реттеуші құжаттарын әзірлеу, өзектендіру және жетілдіру, сондай-ақ олардың өмірлік циклының барлық кезеңдерінде жобаларды басқару рәсімдері мен бизнес-үдерістерін жетілдіру;
  • Бизнес-жоспарлау кезеңінде жобалық сараптама жүргізу, техникалық және жобалық шешімдерді, іске асыру мерзімдері мен инвестициялар көлемін талдау; сараптамалық қорытындыларды қалыптастыру және бекіту сәтіне дейін бизнес-жоспарларды дайындауды бақылау;
  • Жобаларды іске асырудың жоспар-кестелерін қалыптастыру, келісу және бекіту;
  • Іске асыру кезеңінде жобаларды басқару, соның ішінде SAP/PS жүйесінде жоспарлау, құрылымдық және күнтізбелік жоспарларды әзірлеу, материалдық және өзге де ресурстарға қажеттілікті айқындау, жобалық тапсырмалардың орындалуын ұйымдастыру және бақылау;
  • Жобаның бюджеті бойынша басқару: жабдықтар бойынша, құрылыс-монтаж және өзге де жұмыстар бойынша, жобалау-іздестіру жұмыстарын қоса алғанда, баптар бойынша бюджетті қалыптастыру және бақылау; бекітілген қаржы қаражатын қайта бөлу, қаржыландыруды, шығындардың жиналуы мен көрсетілуінің дұрыстығын бақылау;
  • Жобаның ресурстарын басқару: ресурстарды жоспарлау, есепке алу және пайдалануын бақылау, олармен қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді шешу;
  • Сызықтық және стансалық құрылыстардың құрылысын басқару, оның ішінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді, сараптамадан өткізуді және бекітуді бақылау, қаржыландыруды, жұмыстар көлемі мен орындалу мерзімдерін бақылау, салынған объектілерді пайдалануға қабылдауды қамтамасыз ету;
  • Жабдықтар мен қызметтер жеткізілімдерін басқару: сатып алу бойынша бастапқы деректер мен бюджеттерді келісу, сатып алу рәсімдерінің мерзімдерін бақылау, тауарларды жеткізу, қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау;
  • Шарттар мен келісімшарттарды басқару: шарттарды іске асыру бойынша құжаттаманы дайындау, жеткізушілермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, жеткізу, монтаждау және іске қосу-реттеу жұмыстарының мерзімдерін бақылау, жабдықты пайдалануға қабылдауға қатысу;
  • Жобаның өзгерістерін басқару, оның ішінде бекітілген бюджет шеңберінде қаражатты қайта бөлу және қажет болған жағдайда жобаның бекітілген параметрлері мен көрсеткіштерін қайта қарауды бастау;
  • Жобаларды іске асыру мерзімдерін басқару, жұмыстардың орындалуын бақылау және сыни жол әдісін қолдана отырып кестелерді түзету;
  • Жобаны басқару командасын қалыптастыру, жобаның қатысушылары жұмысының үйлесімін қамтамасыз ету және техникалық, логистикалық, қаржылық, бухгалтерлік, заңдық және өңірлік сүйемелдеу бойынша тапсырмалардың орындалуын бақылау;
  • Жобалар қатысушыларымен жұмыс кездесулерін ұйымдастыру және өткізу, Тапсырыс берушімен, Спонсорлармен және өзге де мүдделі тараптармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
  • Жобалардың аяқталуын қамтамасыз ету, оның ішінде SAP жүйесінде жобаларды жабу, жұмыстардың нақты орындалуы туралы қорытынды деректерді қалыптастыру және іске асыру кезеңінің аяқталғаны туралы Тапсырыс берушіні/Спонсорды хабардар ету;
  • Жоба Спонсорларына, Гейт бақылаушыларына және Қоғам басшылығына есептілікті дайындау және ұсыну (апталық, айлық, жартыжылдық, жылдық және өзге де);
  • Жобаларға пост-мониторинг жүргізу әдістемесін әзірлеуге қатысу, іске асырудың нақты нәтижелері бойынша көрсеткіштерді есептеу, түзетуші іс-шаралардың орындалуын бақылау және тиісті есептілікті дайындау.

Талаптар:

  • Жоғары техникалық немесе экономикалық білім;
  • Жобаларды басқару саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Телекоммуникациялар саласында немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

Шарттар:

  • Қазақстан Республикасындағы ең ірі Телекоммуникациялық Компанияда жұмыс;
  • ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмыспен қамту;
  • Жұмыс кестесі: 5/2, 8 сағаттық жұмыс күні;
  • Уақытылы жалақы;
  • Жақсы әлеуметтік пакет;
  • Жыл сайынғы еңбек демалысы 30 күнтізбелік күн;
  • Еңбек демалысына материалдық көмек.