Жанатас 2-ші санаттағы станциясы парк кезекшісі Магистральді желі Жамбыл бөлімшесі Филіал АҚ «ҰК «ҚТЖ» - «Магистральді желі дирекциясы»

от 227 219
Жамбылское отделение магистральной сети Жамбыл облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
124

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1. Сменаны сигналшымен бірге бірлесіп тексеру кезінде (кезекшілікті тапсырушы/қабылдаушы), станцияның жұп емес қабылдау-жіберу паркінің шляхтарында мыналарды тексереді: - қозғалмалы құрамды бекіту тәртібін; - тежегіш көнектерінің нақты қолда бар екенін (шляхтарда, қораптарда, сөрелерде); - тежегіш көнектерінің жағдайын (келесі пайдалануға жарамдылығын, маркировка/штамптың дұрыс қойылуын); - тежегіш көнектерін сақтауға арналған қораптар мен сөрелердің жарамдылығын; - қораптар мен сөрелердегі ілулі құлыптардың жарамдылығын; - жарамсыз тежегіш көнек анықталған жағдайда, оны қолданыстағы тәртіппен пайдаланудан шығарады.
2. Кезекшілікті қабылдау кезінде радиостанцияның, оған арналған зарядтағыштың және сигнальды шамның/фонарьдің қолда барлығын және жарамдылығын тексереді;
3. Станция паркінде бекіту тәртібін, тежегіш көнектерінің бар екенін және сақталуын фактілік түрде тексеріп болған соң, ЭЦ-2 постының ДСП-сына есеп беріп, ғана ДУ-67 нысанындағы журналда кезекшілікті қабылдау рәсімдеп, өз қолымен растайды;
4. Техникалық құжаттаманы жүргізеді: шляхтардағы тежегіш көнектерінің қолда барлығын есепке алу журналын, ДУ-67 нысанындағы журналды және радиостанцияны қабылдау-тапсыру журналын дақсыз және түзетусіз жүргізеді;
5. Станцияның ТТА-сында бекітілген тәртіпке сәйкес, ЭЦ-2 постының ДСП-сының нұсқауы бойынша жұп емес қабылдау-жіберу паркінің шляхтарындағы қозғалмалы құрамды бекітеді.

Біліктілік талаптары:

Білімі: жоғары (немесе одан кейінгі/магистратура), орта арнаулы (техникалық және кәсіптік).
Мамандығы: Көлік саласында тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару (салалар бойынша); Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару.
Жұмыс өтілі: жоғары білімі бар кандидаттар үшін – пойыз құраушы, вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеуші, жол ауыстыру пунктінің дежуршысы, тасымалдау құжаттарын өңдеу операторы, сигналшы, станция дежуршысының оператор-көмекшісі, орталықтандыру пунктінің операторы, сұрыптау беткейінің операторы лауазымдарында кемінде 1 жыл; орта арнаулы (техникалық және кәсіптік) білімі бар кандидаттар үшін – сол лауазымдарда кемінде 3 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру