Теңіз жобасын басқару департаментінің ірі мұнай-газ жобалары департаменті өндірістік мәселелер және жобалар секторының жетекші маманы — Теңіз жобасы бойынша басқару департаменті жетекші маманы (аутстаффинг)

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
13

Қаралған саны:
117

   Конкурс туралы

Білімге қойылатын талаптар:

  • жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: мұнай-газ ісі саласындағы инженерлік білім/ инженерлік іс.

Сертификаттардың болуына қойылатын талаптар: жобаларды басқару саласындағы сертификаттардың болуы (РМР) (қалаулы)

Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:

  • мұнай-газ саласындағы ірі (халықаралық) компанияларда кемінде 4 жыл жұмыс тәжірибесі.
  • инвестициялық жобалар портфелін/бағдарламаларын басқару тәжірибесі.
  • капиталдық жобаларды және капиталдық шығындарды басқару бойынша тәжірибенің болуы.

Міндеттерді орындау үшін қажетті білім мен дағдылар:

  • капиталдық жобаларды ұйымдастыру, жоспарлау, басқару және іске асыру саласындағы білім мен дағдылар;
  • жобалардың тиімділігін арттыру және оңтайландыру жолдарын іздеу дағдылары;
  • кәсіпорынның іргелес корпоративтік және өндірістік функцияларымен тиімді интеграция құру дағдылары;
  • Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану, мұнай операцияларын жүзеге асыру, қаржы-экономикалық қызмет, акционерлік қоғамдардың қызметі мәселелерін реттейтін заңнамасы саласындағы білім;
  • өрт қауіпсіздігі және экологиялық қауіпсіздік саласындағы білім;
  • ҚР еңбек және азаматтық заңнамасы саласындағы білім;
  • тәуекелдерді басқару жүйесінің негізгі жүйесін және ҚМГ ішкі бақылау жүйесін басқару саласындағы білім;
  • сапа менеджментінің кіріктірілген жүйесі, қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты қорғау және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласындағы білім;
  • капиталдық жобалар бойынша құжаттаманы талдау, жобалық құжаттарға сараптамалық қорытындылар беру дағдылары;
  • заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары;
  • келіссөздер жүргізу, презентациялар, іскерлік қарым-қатынас және іскерлік хат алмасу дағдылары;
  • есептеу техникасы құралдарын, коммуникациялар мен байланысты пайдалану дағдылары;
  • Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істеу дағдылары;
  • жобалық басқару, жобалық қызметтегі озық құралдар мен үздік тәжірибелер саласындағы білім мен дағдылар;
  • стратегиялық, аналитикалық және жүйелік ойлау дағдылары және өз ұстанымын дәлелді түрде қорғау қабілеті;
  • ағылшын тілін меңгеру (Intermediate деңгейден төмен емес), мемлекеттік (B1 деңгейден төмен емес) және/немесе орыс тілдері.

Функционалдық міндеттер:

Теңіз жобасын басқару:

1.1. Теңіз жобасы бойынша даму жоспарын әзірлеу

1.1.1. ҚМГ даму жоспарын әзірлеуге бағытталған ТШО-ның базалық өндірісті кеңейтуге арналған капиталдық жобалары бойынша ақпаратты дайындауға жауап береді. Есептерді басшылыққа ұсынады;

1.2 Актив бойынша өсу жоспарын нақтылау

1.2.1. Көрсетілген мерзімдерде ҚМГ даму жоспарын қалыптастыру және түзету үшін базалық өндірісті кеңейтуге арналған ТШО капиталдық жобалары бойынша деректерді жинақтауға ұсынады.

1.2.2. Қажет болған жағдайда ҚМГ даму жоспарына енгізілетін түзетулерді түсіндіру үшін базалық өндірісті кеңейтуге қатысты жобалар бойынша қосымша ақпарат ұсынады.

1.3 Актив қызметін тексеру және келісу

1.3.1. Базалық өндірісті кеңейтуге арналған капиталдық жобалардың жұмыс бағдарламаларын, жылдық бюджетін және шарттық жоспарын талдауды және сараптаманы жүзеге асыруға жауап береді, ТШО-ның капиталдық шығындарын тиімді басқару мақсатында.

1.3.2. Басшылыққа ұсынымдар әзірлеу үшін базалық өндірісті кеңейтуге арналған ТШО бастамашылық ететін капиталдық жобалардың орындылығының және техникалық-экономикалық негіздемелерінің мақсаттылығын талдауды және сараптаманы жүргізеді.

1.3.3. ТШО капиталдық шығындарының жылдық бюджеті және ТШО капиталдық жобаларының шарттық жоспары бойынша материалдарды мүдделі бөлімшелермен келісу үшін және ҚМГ Басқармасының қарауына жыл сайын ҚМГ Директорлар кеңесі жанындағы серіктестік кеңесінің ТШО аудиті бойынша қыркүйек айындағы отырысына дейінгі мерзімде шығару үшін жауап береді. Басшылық үшін сұрақтар мен ұсынымдарды дайындайды.

1.4 Актив жоспарының іске асырылуын қолдау

1.4.1. ТШО-ның өндірісті кеңейтуге арналған капиталдық жобаларында кезеңдік ауысулар кезінде жобалық құжаттаманы сараптамадан өткізу және талдау жүргізеді, ұсыныстар дайындау және ТШО сұрау хатына көрсетілген мерзімде сұраулар түскен сайын ҚМГ ұстанымын қалыптастыру үшін.

1.4.2. Капиталдық жобаларды сапалы экономикалық талдау және бағалау үшін жобалар бойынша деректерге техникалық сараптама жүргізеді.

1.4.3. ТШО-ның капиталдық жобаларды қаржыландыруға қатысты сұрауларын сараптамадан өткізу және сұралған қаражаттың негізділігін талдау арқылы ұсынымдар дайындауға және ҚМГ ұстанымын қалыптастыруға жауап береді. Инвестициялық жобалар бойынша материалдарды дайындау және келісу ҚМГ ИК қарауына шығару үшін.

1.4.4. ТШО-ның шарттық стратегияларды бекітуге қатысты сұрауларын сараптамадан өткізу арқылы ұсынымдар дайындауға және ҚМГ ұстанымын қалыптастыруға жауап береді.

1.4.5. Шарттық стратегияларды және/немесе инвестициялық жобаларды бекітуге арналған сұрауларға арналған материалдарды дайындау және келісу, олардың жалпы сомасы ҚМГ үлесіне шаққанда 200 млн. АҚШ доллардан асатын жағдайда, ҚМГ Басқармасының, ҚМГ ДС комитетінің (стратегия және инвестициялық портфельді басқару) және ҚМГ Директорлар кеңесінің қарауына шығару үшін.

1.4.6. ТШО капиталдық жобаларындағы тәуекелдерді анықтау бойынша жиналыстар мен жұмыс топтарында ҚМГ мүдделерін білдіреді. ТШО капиталдық жобалары бойынша анықталған тәуекелдерді бағалау және мониторинг жүргізеді. ТШО капиталдық жобалары бойынша тәуекелдерді басқару бойынша ұсыныстар дайындайды.

1.5 Сараптамамен алмасу және оқыту

1.5.1. ТШО жобалары бойынша консультативтік комитетте ҚМГ мүдделерін білдіреді (РАС). 1.5.2. ТШО капиталдық жобалары бойынша алқалық жиналыстарда ҚМГ мүдделерін сарапшы ретінде білдіреді, НК ҚМГ, Серіктестер және ТШО арасында сараптама мен тәжірибе алмасу мақсатында.

1.5.3. ҚМГ-ның басқа бөлімшелерімен бірлесіп ҚМГ мүдделеріне қатысты маңызды мәселелер мен өзекті сұрақтарды қалыптастырады және оларды ТШО капиталдық жобалары бойынша жұмыс жиналыстарында талқылауға шығарады.

1.6 Актив нәтижелерін мониторингтеу және бақылау

1.6.1. Аудит кестесіне сәйкес ТШО капиталдық жобалары бойынша жыл сайынғы Серіктестік аудиттерінде ҚМГ мүдделерін білдіреді. Жүргізілген аудиттер бойынша аудиторлық есепті дайындауды жүзеге асырады. Аудит қорытындылары бойынша ТШО үшін түзетуші ұсынымдарды дайындауды жүзеге асырады.

1.6.2. ТШО капиталдық жобаларының іске асырылуын мониторингтейді және қолданыстағы өндірісті кеңейтуге арналған капиталдық жобалар бюджетінің игерілуін бақылайды.

1.6.3. ТШО капиталдық шығындары бюджетінің игерілуі бойынша ақпаратты дайындауға жауап береді, ҚМГ-ның ай сайынғы жедел есептілігін және ҚМГ даму жоспарының орындалуы туралы есепті дайындау үшін. Ай сайын басқарудың экономикалық мәселелер жөніндегі жетекші маманына жинақтау үшін ақпаратты жолдайды.

1.6.4. Қажет болған жағдайда және проблемалық сұрақтар туындаған кезде ҚМГ басшылығы мен мемлекеттік органдарға проблемалық мәселелер бойынша жобаларға қатысты ақпаратты (анықтамалар, аналитикалық жазбалар, баяндамалар, презентациялар) дайындауға жауап береді.

Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау:

  • тәуекелдің орын алуына әкелуі мүмкін тәуекел факторларын басқарады. Қойылған мақсаттарға қол жеткізуге әсер ететін тәуекелдерді уақтылы анықтайды, талдайды және бағалайды;
  • тәуекелдерді/тәуекел факторларын төмендету жөніндегі іс-шараларды уақтылы әзірлеуді және орындауды қамтамасыз етеді;
  • ішкі құжаттарда белгіленген тәртіп пен мерзімдерге сәйкес кез келген жасалған немесе мүмкін болатын қателер/кемшіліктер туралы, олардың әлеуетті залалдарға әкелгенін немесе әкелуі мүмкін екенін, әлеуетті және іске асырылған тәуекелдік оқиғалар туралы жауапты бөлімшені (СУРиВК) және тікелей басшысын уақтылы хабардар етеді.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)