Инженер тағылымдамашысы Материалдық-технологиялық қамтамасыз ету орталығының технологиялық материалдар тобы
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымдық жауапкершілік:
. «ҮМЗ» АҚ бөлімшелерінің өтінімдеріне және «ҮМЗ» АҚ тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін сатып алу жоспарына сәйкес бекітілген номенклатура бойынша «ҮМЗ» АҚ бөлімшелерін тауарлық-материалдық құндылықтармен (бұдан әрі - ТМҚ) уақтылы қамтамасыз етеді. 2. ТМҚ сатып алуға өтінімдерді келісуге қатысады. 3. «ҮМЗ» АҚ тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық жоспарын қалыптастыру кезінде: - Тәртіпке сәйкес сатып алу әдісін анықтайды; - сатып алу рәсімдерін өткізу мерзімдерін анықтайды; - ТМҚ жеткізу мерзімдерін анықтайды. 4. Сатып алуды жоспарлау және ұйымдастыру бөліміне сатып алу жоспарын түзету қажеттілігі туралы ақпарат береді. 5. Тауарлар нарығын зерттейді, өнім берушілерді іздейді, сапа, баға, уақтылы жеткізу, көлік шығындары және басқа көрсеткіштер бойынша ұсынылған ТМҚ туралы ақпаратты жинақтайды. 6. Бекітілген номенклатура бойынша ТМҚ сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге өтінімдерді белгіленген тәртіппен уақтылы дайындайды және жібереді, техникалық ерекшелік пен шарт жобасын ұсыну бөлігінде ТМҚ сатып алуға құжаттаманы дайындайды. 7. «ҮМЗ» АҚ контрагенттерін комплаенс тексеру қағидаларына» сәйкес контрагенттерді комплаенс тексеру бойынша жұмыстарын жүргізеді, бекітілген номенклатура бойынша ТМҚ сатып алу шарттарын ресімдейді және оларға қызмет көрсетеді. Шарт жасасу кезінде «ҮМЗ» АҚ Тәртіпте және ішкі нормативтік құжаттарында көрсетілген мерзімдерді сақтайды. Шарттарды, олардың көшірмелерін есепке алуды және сақтауды жүргізеді. 8. Өнім берушілер бекіткен номенклатура бойынша ТМҚ сатып алуға жасалған шарттардың орындалу мерзімдерін бақылайды. 9. Жасалған шарттар бойынша ақпаратты сатып алу веб-порталында орналастырады. 10. «ҮМЗ» АҚ қолданыстағы есептік бағдарламалық кешенінде бекітілген номенклатура бойынша ТМҚ түсуіне байланысты қаржы-шаруашылық операциялардың есебін жүргізеді. 11. ТМҚ-ны белгіленген талаптарға сәйкестендіруді жүргізеді, жазбаларды ресімдейді және сақтауды қамтамасыз етеді. 12. Дайын өнімнің сапасына әсер ететін материалдар мен реагенттер тізбесін әзірлеуге және түзетуге қатысады. 13. Жүктерді тасымалдау үшін көлікке өтінімдер жасайды, көлікті ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді. 14. Өнім берушіден ТМҚ алуға қатысады. 15. ТМҚ өндіріске жіберуге құжаттарды ресімдеуге қатысады. 16. «ҮМЗ» АҚ бөлімшелеріне (өз құзыреті саласында) ТМҚ қозғалысы, қабылдау, кіріске алу, сақтау, босату бөлігінде қоймалардың жұмысын талдайды. 17. Қоймалардағы ТМҚ қорларына мониторинг жүргізеді, анықталған тапшылықты жоюға, нормативтен тыс және өтімді емес қорларды жинамай, қорларды белгіленген деңгейде ұстап тұруға шаралар қабылдайды. 18. ТМҚ түгендеу жүргізу жөніндегі комиссияларға, менеджмент жүйесінің аудиттерін жүргізуге қатысады. 19. ТМЦ импортының кестесін әзірлеуге қатысады. 20. ТМҚ сатып алу процесінде дебиторлық, кредиторлық берешекті өтеуге қатысады. 21. Сатып алынатын өнімнің сапасы, шарттық міндеттемелерді орындау мәселелері бойынша өнім берушілермен іскерлік хат алмасуға қатысады, өнім берушілерге менеджмент жүйесінің талаптарын жеткізеді. 22. Қойма қорларының болуы, өндірістерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету, менеджмент жүйесінің рәсімдерін орындау, осы лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген міндеттерді орындау сияқты өндірістік мәселелер бойынша топ басшысына есептерді ұсынады, сондай-ақ басшылықтың ережелерімен, нұсқаулықтарымен және нұсқауларымен айқындалған басқа да есептік құжаттаманы уақтылы ұсынады. 23. Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті құжаттаманың жоқтығы немесе толық еместігі туралы топ басшысына уақтылы хабарлайды.Білім:
Экономикалық немесе заң немесе техникалық немесе менеджмент немесе қаржы бағыттары бойынша жоғары білімДағдылар:
ДЭЕМ және басқа да ұйымдастыру техника құралдарын пайдаланушы деңгейінде меңгере білу. Іскерлік хат және іскерлік қарым-қатынас дағдылары.Қосымша:
Еңбек шарттың мерзімі «ТМҚ сатып алуға арналған құжаттаманы дайындау» белгілі бір жұмысты орындау уақытына (3 ай мерзімге) Еңбек жағдайларының сипаттамасы - қалыпты еңбек жағдайлары Жұмыс режимі және демалыс - 5 күндік жұмыс аптасы кезінде – 8:00 бастап 17:00 дейін, демалыс күндері сенбі және жексенбі Болжамды еңбек ақы мөлшері: 170 000 теңге Тағылымдама - белгіленбейдіБілетін тілдер:
-Қажетті қабілеттер
- навыки делового письма и делового общения
Ұқсас вакансиялар
МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
"KAP Logistics" ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
24.09.2026 | 213
""ҚТЖ" ҰК "АҚ-" Тасымалдау процесінің дирекциясы " филиалының Атырау пайдалану вагон депосы - ІЖҚ-1 жетекші инженер-технолог (жабдықтау)
ВЧД-1 АТЫРАУСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ВАГОННОЕ ДЕПО 1 группа | Еңбекпен толық қамтылу
| Атырау облысы
24.09.2026 | 132
от 463 164
Кабель сынықтарын, байланыс кабельдік желілерін және телекоммуникациядан есептен шығарылған құралдарды өткізу бөлімінің маманы
«Қазақтелеком» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
21.09.2026 | 453