Бериллий өндірісі. 2-разрядты қоймашы (№ 51-13-12/5037 от 24.09.2026) - 1 ед., г. Усть-Каменогорск

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
69

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Орындай білуі керек: жүктерді тиеу, түсіру және оларды қойма ішіне орналастыру бойынша жұмысты басқару. Тұтынушылардың өтінімдері бойынша материалдық құндылықтар партияларын жинақтау. Ақаулы құралдарға, аспаптарға және т.б. ақаулы ведомостарды, оларды жөндеуге және есептен шығаруға, сондай-ақ материалдардың жетіспеуі мен бүлінуіне актілерді қарау және жасау. Тиісті құжаттарды ресімдей отырып, халықтан жеке автокөлікті уақытша сақтауға қабылдау. Қоймада сақталатын материалдық құндылықтардың болуын есепке алу және олардың қозғалысы бойынша есептік құжаттаманы жүргізу. Түгендеуді жүргізуге қатысу.

Білім:

Орта білімнен төмен емес

Дағдылар:

Білуге тиіс: қойма шаруашылығын жүргізу ережесі; қоймадағы материалдық құндылықтарды есепке алу, сақтау, олардың қозғалысы ережесі және оларға ілеспе құжаттарды ресімдеу ережесі; технологиялық құжаттар бойынша әртүрлі материалдық құндылықтардың партияларын жинақтау ережесі; қоймалық өлшеу құралдарын, айлабұйымдарды, механизмдерді қолдану ережесі және олардың жұмысқа жарамдылығын тексеру тәсілдері; автотұрақтарда бекіткіш автокөлік құралдарын қолдану ережесі; түгендеу жүргізу ережесі; материалдарды сақтау мен орын ауыстырудың және қызметтік үй-жайларды ұстаудың өртке қарсы қауіпсіздігі қағидалары

Қосымша:

Еңбек жағдайларының сипаттамасы: - бериллий мен оның қосылыстарының адам ағзасына өте зиянды әсерінен туындаған 2-ші дәрежелі зиянды еңбек жағдайлары Жұмыс режимі және демалыс: 5 күндік жұмыс аптасында сағат 8:00-ден 16:40-қа дейін, демалыс күндері - сенбі және жексенбі. Демалыс түрлері (күнтізбелік күндермен): - негізгі ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы 24, - зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін қосымша ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы 6. Лауазымдық жалақының мөлшері/грейд: 117 960 теңгеден бастап 261 321 теңгеге дейін/грейд 7. Тағылымдама: кемінде 30 күнтізбелік күн мерзімге белгіленеді

Білетін тілдер:

-