Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженері «Барсенгир» НПС ЖНУ «ҚазТрансОйл» АҚ

«ҚазТрансОйл» АҚ Жезқазған қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
10

Қаралған саны:
138

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша Басқарманың жұмысын үйлестіру, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен өзара іс-қимыл жасау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде Басқарманың өндірістік қызметінің жоспарлары мен қорытындыларын қарастыруға қатысу.
  • Басқармадағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияның (бұдан әрі – ТЖК) жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету; ТЖК жұмысына арналған жоспарлау құжаттарын әзірлеу (бұйрықтар, ережелер, жоспарлар, жұмыс кестелері, тексеру нәтижелері бойынша актілер және т.б.) және ТЖК құрамында Басқарма бөлімшелерін жоспарлы және мақсатты тексеру барысында қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздікке өндірістік бақылауды жүзеге асыру;

    өнеркәсіптік қауіпсіздікке өндірістік бақылауды жүзеге асыру;

    - өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайын, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі ішкі бақылау және мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдары анықтаған қауіпсіздік ережелері мен нормаларының бұзылуын талдау; түзетуші және алдын алу іс-шараларының жоспарларында көзделген іс-шаралардың тиімділігін талдау; жоспарланған іс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

    - оған тікелей басшысы және қоғамның ішкі құжаттарымен жүктелген өзге де міндеттерді орындау.

  • мониторингті жүзеге асыру:

    - қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын техникалық құрылғыларға уақтылы сынақтар жүргізу және техникалық куәландыруды, сондай-ақ өлшеу құралдарын жөндеу мен тексеруді (поверка) жүргізуді;

    - нормативтік пайдалану мерзімі өткен қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын техникалық құрылғыларға сараптама жүргізу, әрі қарай пайдалану мүмкін болатын мерзімді айқындау мақсатында;

    қауіпті өндірістік объектілерде Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануды мониторингтеу, қолданыстағы заңнамаға сәйкес техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат алу үшін құжаттарды дайындау;

Талаптар:

  • Сәйкес бағыт бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (Дайындық бағыты: «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»)

Шарттар:

  • 5 күндік жұмыс кестесі (вахталық әдіс емес) объектіде
  • Объект Жезқазған қ. маңынан 120 км жерде (тұрғын үй берілмейді).

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр