Мұнай мен газды барлау және өндіру, мұнай сервистері секторының құқықтық сүйемелдеуін басқару жөніндегі жетекші заңгер, құқықтық сүйемелдеу басқармасының бизнес-бағыттарын құқықтық сүйемелдеу секторы (Аутстаффинг) (күдіктерді қызы
«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.Білімге қойылатын талаптар:
Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Құқық (құқықтану/құқықтану саласы/халықаралық құқық).
Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
Құқықтық салада кемінде 4 жыл жұмыс тәжірибесі (ең дұрысы мұнай-газ саласында) және/немесе мұнай мен газды барлау және/немесе өндіру қызметін және/немесе мұнай сервисті және/немесе инвестициялық жобаларды заңдық сүйемелдеуде және/немесе Қазақстан аумағында және/немесе халықаралық нарықта ұлттық және/немесе ірі және/немесе халықаралық компанияларда жұмыс тәжірибесі және/немесе қызмет бағыты бойынша орталық мемлекеттік органдарда жұмыс тәжірибесі.
Міндеттерді орындау үшін қажетті білім мен дағдылар:
- ҚР заңнамасын білу: жер қойнауын пайдалану, қоршаған ортаны қорғау, мұнай-газ және мұнай сервистік қызмет, азаматтық, корпоративтік, әкімшілік, салық, еңбек, жер, экологиялық, процестік, монополияға қарсы және кеден құқығы салаларында;
- барлау, мұнай мен газ өндіру, мұнай сервистік қызмет, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы және құқық қолдану практикасын білу;
- инвестициялық жобаларды іске асыру тетіктерін, активтерді сатып алу және иеліктен шығару мәмілелерін, бірлескен кәсіпорындарды, M&A және корпоративтік қайта құрылымдауды білу;
- шарттарды, келісімдерді, меморандумдарды, корпоративтік құжаттарды және өзге де заңды маңызы бар құжаттарды дайындау, келісу, жасасу және сүйемелдеу тәртібін білу;
- талап-арыз (претензионно-исковая) жұмыс рәсімдерін, сот және сотқа дейінгі дауларды реттеу, атқарушылық іс жүргізуді білу;
- шетелдік инвесторлар мен серіктестер қатысатын жобаларды сүйемелдеудің халықаралық шарттық практикасы мен қағидаттарын білу;
- халықаралық стандарттар мен нормаларды білу: өнімді бөлу туралы келісімдер, халықаралық арбитраж;
- құжаттар жобаларына, инвестициялық бастамаларға, корпоративтік шешімдерге және бизнес-процестерге кешенді құқықтық сараптама жүргізу дағдылары;
- құқықтық тәуекелдерді анықтау, бағалау және азайту, оларды алдын алу және төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу дағдылары;
- Компания басшылығы үшін құқықтық қорытындыларды, талдамалық материалдарды, анықтамаларды, презентацияларды және ұсынымдарды дайындау дағдылары;
- келіссөздер жүргізу және мемлекеттік органдармен, акционерлермен, инвесторлармен, халықаралық серіктестермен, консультанттармен, ДЗО-мен, кәсіподақтармен өзара іс-қимыл жасау дағдылары;
- Компанияның мүдделерін соттарда, мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда ұсыну және қорғау дағдылары;
- құқықтық сараптама жүргізу және дайындау практикасы: лицензиялық келісімдер, барлау және өндіру жөніндегі келісімшарттар, сервистік және мердігерлік шарттар (оның ішінде ұңғымаларды сервистік қызмет көрсету, бұрғылау, логистика, техникалық қызмет көрсету);
- халықаралық жеке құқық негіздерін және трансшекаралық мәмілелерді білу;
- күрделі жобаларда құқықтық талдау жүргізу және құқықтық тәуекелдерді азайту дағдылары;
- мемлекеттік және/немесе орыс тілдерін меңгеру, ағылшын тілін меңгеру (B2 деңгейі: Upper) (қалаулы).
Функционалдық міндеттер:
1) Құзырет шегінде КМГ қызметіне байланысты құқықтық мәселелер бойынша КМГ қызметкерлеріне консультация береді;
2) ДЗО-ның ішкі бөлінісіне сәйкес барлау, мұнай мен газ өндіру, мұнай сервисті бағыттарын, оларға жетекшілік ететін ДЗО-ларды құқықтық сүйемелдеуді жүзеге асырады, сондай-ақ КМГ-ның басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, барлау, мұнай мен газ өндіру, мұнай сервисті және/немесе бейінді ДЗО қызметі шеңберінде жасалатын КМГ контрактілерін, шарттарын, келісімдерін, ниет хаттамалары мен меморандумдарын Қазақстан Республикасының заңнамасына, халықаралық шарттарға, КМГ-ның ішкі құжаттарына, КМГ корпоративтік басқару органдарының шешімдеріне және КМГ үшін міндетті өзге де құжаттарға сәйкестігі тұрғысынан құқықтық талдау мен әзірлеуді жүзеге асырады;
3) барлау, мұнай мен газ өндіру, мұнай сервисті және ДЗО бағыттарын құқықтық қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыру шеңберінде КМГ мен ДЗО-ның құқықтық тәуекелдерін сәйкестендіруді, талдауды, бейтараптандыруды, бағалауды және азайтуды, КМГ мен ДЗО-ның құқықтық тәуекелдерінің алдын алуды жүзеге асырады;
4) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының заңнамасына және КМГ-ның ішкі құжаттарына сәйкес КМГ органдарының, ДЗО-ның (Акционерлердің/қатысушылардың жалпы жиналысы, Директорлар кеңесі/Бақылау кеңесі) қарауына шығарылатын мәселелер мен материалдарға, шешім жобаларына және түсіндірме жазбаларға, сондай-ақ барлау, мұнай мен газ өндіру, мұнай сервисті және ДЗО бағыттарын құқықтық қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыру шеңберінде құқықтық сараптама жүргізеді; КМГ бөлімшелері, сондай-ақ еншілес ұйымдар жасайтын кіріс және шығыс шарттарының жобаларына, ұзақ мерзімді шарттарға құқықтық сараптама жүргізуді жүзеге асырады;
5) белгіленген тәртіппен құзырет шегінде Басқарма бастамашылық ететін мемлекеттік органдардың және/немесе КМГ-ның нормативтік құқықтық актілер жобаларына құқықтық сараптама жүргізуді жүзеге асырады, еңбек және әлеуметтік мәселелерді қоспағанда; КМГ мен ДЗО-ның мүдделеріне қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына талдау жүргізеді, Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде басшылыққа ұсыныстар енгізеді;
6) барлау, мұнай мен газ өндіру, мұнай сервисті және ДЗО бағыттарын құқықтық қамтамасыз ету қызметіне байланысты келіссөздерді құқықтық сүйемелдеуді және келіссөздерге қатысуды жүзеге асырады;
7) корпоративтік рәсімдерге сәйкес КМГ-ға қарауға немесе келісуге ұсынылатын КМГ-ның бұйрықтары, шешімдері және өзге де құқықтық құжаттар жобаларына құқықтық сараптама жүргізуді, сондай-ақ барлау, мұнай мен газ өндіру, мұнай сервисті және ДЗО бағыттарын құқықтық қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыру шеңберінде КМГ-ның мемлекеттік органдарға және өзге тұлғаларға қарауға немесе келісуге енгізетін құжаттар жобаларына құқықтық сараптама жүргізуді жүзеге асырады; КМГ-ға және аффилиирленген заңды тұлғаларға тиесілі мүлікті іске асыруды жүзеге асыру шеңберінде құжаттар жобаларына талдау жүргізеді, құқықтық сараптама жүргізеді;
8) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша КМГ-ның консультативтік-кеңесші органдарына қатысады (оның ішінде, бірақ олармен шектелмей: комитеттер, комиссиялар, жұмыс топтары);
9) белгіленген тәртіппен Басқарманың құзыреті шегінде міндетті құқықтық қорытындыларды дайындауды, сондай-ақ Басқарманың құзыреті шегінде ДЗО-ның қызметін (бөлу бойынша) үйлестіруді жүзеге асырады;
10) Департамент туралы ережеге сәйкес өзге де функцияларды, сондай-ақ Басқарма Төрағасының, Департамент директорының, Басқарма бастығының, Сектордың бас заңгерінің Департамент туралы ережеге енгізілмеген, бірақ қосымша жүктелген тапсырмалары бойынша өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Ұқсас вакансиялар