"Ақыр-Төбе" ЖГҚ Көлік қызметінің экскаватор машинисті
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Тараз» магистральдық газ құбырлары басқармасы Ақыртөбе а.- экскаватор мен оның механизмдерінің құрылымы, конструктивтік ерекшеліктері, жұмыс істеу принциптері және техникалық пайдалану ережелері; экскаватордың механикалық, гидравликалық және электрлік жабдықтарының жұмыс істеу принциптері; экскаваторларды теңгерімдеу ережелері; тиімді жұмыс режимдері мен қазу тәсілдері; ауыр және жеңіл топырақтарды қазу кезінде экскаватор механизмдерін басқару әдістері; дала жағдайында және бедері күрделі жерлерде қозғалу ережелері; қазу жүйесі мен жағдайларға байланысты әртүрлі қазу әдістерін қолдану тәсілдері; пайдаланылатын өлшеу аспаптары мен автоматты құрылғылардың жұмыс істеу принциптері мен мақсаты; Ауыстырмалы жұмыс органдарымен жұмыс істеу ерекшеліктері; жарылған тау жыныстары мен топырақты көлік құралдарына тиеу ережелері; тасымалдау және құбыр төсеу жұмыстарын реттейтін нормативтік талаптар; экскаватор ақауларының себептері және оларды жою әдістері; экскаваторды жөндеу, құрастыру және бөлшектеу түрлері; экскаватордың тез тозатын бөлшектері мен тораптарының құрылымы және оларды ауыстыру тәртібі.
Ұқсас вакансиялар