Алматы желілік-өндірістік басқармасының Көлік қызметінің автокөлік жүргізушісі (Қаскелен) қ.)
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Алматы» магистральдық газ құбырлары басқармасы Қаскелең қ.Міндеттері:
Қызмет көрсетілетін автомобиль агрегаттары, механизмдері мен аспаптарды қолдану, құрылымы, жұмыс істеу принципі;
Жол қозғалысы қағидалары және автомобильдерді техникалық пайдалану тәртібі;
Автомобильді пайдалану барысында туындайтын ақаулардың себептері, оларды анықтау және жою тәсілдері;
Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және оларды гараждарда, сондай-ақ ашық тұрақтарда сақтау тәртібі;
Аккумулятор батареялары мен автомобиль шиналарын пайдалану тәртібі;
Ауа райы жағдайларының автомобильді қауіпсіз басқаруға әсері және жол-көлік оқиғаларының алдын алу тәсілдері;
Қызмет көрсетілетін автомобильдің жұмысын есепке алу жөніндегі бастапқы құжаттарды толтыру тәртібі.
Талаптары:
Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидалары;
Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары;
Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде (КҚББЖ) жұмыс істеу тәртібі, жол парақтарын рәсімдеу;
Жүргізушілердің еңбек және тынығу режимін сақтау қағидалары;
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның автокөлікті пайдалану жөніндегі ішкі нормативтік құжаттары;
«В, С» санаттарындағы қолданыстағы жүргізуші куәлігінің болуы.
Біліміне қойылатын талаптар:
Жалпы орта білім, белгіленген арнайы бағдарлама бойынша даярлықтан өту және өз мамандығы бойынша жұмыс істеуге рұқсатының болуы.
Қызмет бағыты бойынша жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
Берілетін біліктілік разрядына сәйкес болуы тиіс. «В, С» санаттарындағы жүргізуші куәлігінің және тиісті көлік құралдарын басқару өтілінің болуы.
Ұқсас вакансиялар