Теміртау желілік-өндірістік басқармасының Көлік қызметінің жүк көлігінің жүргізушісі
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Қарағанды» магистральдық газ құбырлары басқармасы Шұбар а.Міндеттері:
-
АТжСТ-ға күнделікті техникалық тексеру жүргізеді;
-
ТО-1, ТО-2 техникалық қызмет көрсету жұмыстарына қатысады;
-
Ағымдағы жөндеу кезінде АТжСТ-ны жөндеу жұмыстарына қатысады, техникалық жай-күйіне қайта тексеру жүргізеді;
-
АТжСТ аспаптары мен датчиктерінің қажетті өлшемдерін, көрсеткіштерін алады. Жұмыс барысында ақаулар анықталған жағдайда жұмысты дереу тоқтатады және АТжСТ-ның істен шығуына жол бермеу мақсатында ақауларды жоюға кіріседі;
-
АТжСТ-ны жөндеу жұмыстарына қатысады;
-
АТжСТ-ны пайдалану кезінде желіге шығуын қамтамасыз етеді, оның сақталуын және техникалық жарамды күйін қамтамасыз етеді;
-
АТжСТ-ны оның түріне байланысты тиісті жұмыстарды орындау үшін береді: жүктерді тиеу және түсіру, арнайы автокөлік кузовына жүкті тиеуді, орналастыруды және бекітуді бақылау, желідегі жұмыс барысында туындаған және механизмдерді бөлшектеуді қажет етпейтін ұсақ ақауларды жою;
-
Жол парақтарын алады, медициналық тексеруден өтеді, арнайы автокөлікке техникалық тексеру жүргізеді, жанар-жағармай материалдарын (ЖЖМ) және ЖЖМ талондарын алады, аяқталмаған жұмыстар туралы ауызша баяндама береді.
Талаптар:
Біліміне қойылатын талаптар:
-
жалпы орта білім;
-
тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі;
-
бекітілген көлік құралын басқаруға рұқсат.
Жұмыс тәжірибесі:
-
тиісті бағыт бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.
Ұқсас вакансиялар