Теміртау желілік-өндірістік басқармасының ЭХҚ қызметінің жерасты құбырларын коррозиядан қорғау монтері
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Қарағанды» магистральдық газ құбырлары басқармасы Ростовка а.Міндеттері:
-
Катодтық қорғаудың автоматты станциялары мен автоматты электрлік дренаж қондырғыларын монтаждау, пайдалану және жөндеу;
-
Күрделі коррозиялық жағдайларда жерасты құбыржолдары мен адасқан ток көздерінде бақылау электрлік өлшеулерін жүргізу;
-
Топырақтың коррозиялық белсенділік дәрежесін анықтау;
-
Құбыржолдар мен адасқан ток көздерінде жүргізілген электрлік өлшеулердің деректерін өңдеу, «рельс – жер», «құбыр – жер» потенциалдарының графиктерін құру, коррозиялық қауіптілік дәрежесін анықтау;
-
Құбыржолдың оқшаулағыш жабындарын визуалды және аспаптық әдістермен тексеру;
-
Құбыржолдың жекелеген учаскелерін қосымша қорғау қажеттілігін анықтау;
-
Құбыржолдарды жөндеу кезінде оқшаулауды ауыстыруды бақылау;
-
Коррозиядан қорғау кезінде қолданылатын орташа күрделіліктегі өлшеу аспаптарын баптау және жөндеу;
-
Қолданыстағы құбыржолға катодтық шығыршықтарды термиттік дәнекерлеу жұмыстарына қатысу.
Талаптар:
Біліміне қойылатын талаптар:
-
тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) немесе орта арнаулы білім.
Жұмыс тәжірибесі:
-
тиісті бағыт бойынша кемінде 1 жыл жұмыс өтілі.
Ұқсас вакансиялар