Өндірістік-техникалық департаменттің «Қызылорда» өндірістік орталығы бөлімінің жетекші инженері
«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- «ББШ» МГ пайдалану қызметтері туралы шарттың талаптарына сәйкес, «Қорқыт-Ата» КС-індегі жабдықты пайдалану бөлігінде Оператор жүзеге асыратын бекітілген өндірістік бағдарламаның, жұмыс жоспарларының және өзге де іс-шаралардың орындалуын бақылау. «Қорқыт-Ата» КС-інде орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) көлемін растау;
- «Қорқыт-Ата» КС-інде пайдалану қызметіне байланысты мердігер ұйымдардың жұмыстарын/қызметтерін орындауға техникалық қадағалау;
- орындалған жұмыстардың/қызметтердің көлемін растау және нәтижелерін қабылдау, сондай-ақ техникалық спецификациялардан және Департаменттің шарттарынан ауытқулар анықталған жағдайда, жұмысты нашарлататын немесе өзге де кемшіліктер болған кезде бұл туралы дереу тікелей басшыға және мердігерге хабарлау;
- «Қорқыт-Ата» КС-інде негізгі және қосалқы жабдықты пайдалану мен техникалық қызмет көрсету үшін сатып алынатын ТРУ (тауарлар/жұмыстар/қызметтер) бойынша шарт жобаларын және техникалық спецификацияларды әзірлеуге қатысу;
- Товариществоның басқа құрылымдық бөлімшелері сатып алатын ТРУ (тауарлар/жұмыстар/қызметтер) бойынша техникалық спецификацияларды әзірлеуге арналған ақпарат ұсыну;
- орындалған жұмыстардың/қызметтердің көлемін растау және нәтижелерін қабылдау, сондай-ақ Товариществоның басқа құрылымдық бөлімшелерінің техникалық спецификациялардан және шарттарынан ауытқулар анықталған жағдайда, жұмысты нашарлататын немесе өзге де кемшіліктер болған кезде бұл туралы дереу ақпарат сұратқан құрылымдық бөлімшенің басшысына хабарлау;
- пайдалану құжаттамасын қарауға, түзетуге және келісуге қатысу, «Қорқыт-Ата» КС-інде негізгі және қосалқы жабдық жүйелерін сынау бойынша техникалық шешімдерді қабылдауға қатысу;
- штаттан тыс жағдайларды тергеуге қатысу, оларды жою және кейінгі пайдалану процесінде олардың пайда болуына жол бермеу бойынша іс-шаралар жобаларын дайындау.
Талаптар:
- Жоғары кәсіби білім;
- Жалпы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;
- Кәсіби салада кемінде 2 жыл;
- магистральдық газ құбырларын пайдалану саласында жұмыс тәжірибесінің дағдылары;
- қарым-қатынас жасау және коммуникабельділік дағдылары, іскерлік хат алмасуды жүргізу, келіссөздер және презентациялар дайындау;
- функционалдық міндеттер шегінде күрделі өндірістік жағдайларда жауапты шешім қабылдау дағдылары;
- өндірістік қызметті жоспарлау дағдылары;
- Қазақстан Республикасының заңнамалық, еңбек және өзге де нормативтік-құқықтық актілері;
- магистральдық газ құбырларын пайдалану ережелерін білу;
- газды тасымалдау және сақтау саласындағы білім.
Шарттар:
-
бес күндік жұмыс аптасы;
-
демалыс және тамақтануға арналған үзіліс ұзақтығы 1 сағат 30 минут. 12.30 сағаттан бастап 14.00 сағатқа дейін;
- әлеуметтік пакет;
- төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы 30 (отыз) күнтізбелік күн;
- Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Ақсуат кенті.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
- Китайский (Бастапқы)
Ұқсас вакансиялар
Өндірістік-техникалық департаменттің өндірісті техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру бөлімінің басшысы
«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
30.09.2026 | 446
Өндірістік-техникалық департаменттің магистральды газ құбырлары бөлімінің жетекші инженері
«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
30.09.2026 | 433
Өндірістік-техникалық департаменттің «Түркістан» Өндірістік орталығы бөлімінің жетекші инженері
«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
30.09.2026 | 321