Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің бухгалтерлік есепке алу бөлімінің аға бухгалтері
«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Қауымдастықта бухгалтерлік есепті ҚР заңнамасына және Қауымдастықтың ішкі ережелеріне сәйкес жүргізу;
- құжат айналымының ұтымды жүйесін қамтамасыз ету,
бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, олардың ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес ресімделуін және белгіленген тәртіппен архивке тапсырылуын қамтамасыз ету; - аралық және жылдық қаржылық есептіліктерді құрастыруға қатысу, сондай-ақ ішкі және сыртқы аудиторлардың тексерулеріне дайындыққа қатысу;
- өндірістік процеске қатысатын және/немесе құрылысқа арналған материалдық қорлардың түсуін, орын ауыстыруын, есептен шығарылуын және өзге де қозғалыстарын уақытылы есепке алу, сақтау орындары, номенклатурасы, атауы, кодтары, өлшем бірліктері бойынша қорлардың сандық және сомалық мәндегі аналитикалық есебін жүргізу. 1300 «Қорлар», 2900 «Өзге ұзақ мерзімді активтер», 1700 «Өзге қысқа мерзімді активтер», 3300 «Қысқа мерзімді кредиторлық берешек» бөлімшелерінің шоттары бойынша есеп жүргізу;
- қорларды қабылдау/беру және бастапқы құжаттарды ресімдеудің белгіленген ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру (электрондық шот-фактуралар, қорларды сыртқа босатуға арналған накладнойлар, тауарды қабылдау-беру актілері, орын ауыстыру актілері, жүк кедендік декларациялары, сапа сертификаттары, қаптама парақтары және т.б.);
- қорлардың нақты өзіндік құнын анықтау, оның ішінде импорттық материалдар;
- мердігер ұсынған бастапқы құжаттар негізінде қорларды есептен шығару (қондырғыларды орнату актілері, төсеу ведомостары және т.б.).
Талаптар:
- Жоғары кәсіби білімі (Есеп және аудит, Қаржы, Экономика).
- Мамандық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
- Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілері саласындағы білім, бухгалтерлік есепті ұйымдастыру бойынша әдістемелік материалдар;
- Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары;
- шоттар жоспары және шоттар корреспонденциясы;
- бухгалтерлік операцияларды есепке алу шоттарында құжаттық ресімдеу және көрсету тәртібі;
- 1С бухгалтерия бағдарламасында негізгі құралдар мен тауарлы-материалдық қорлардың бухгалтерлік есебін жүргізу.
Шарттар:
- бес күндік жұмыс аптасы;
- демалыс және тамақтануға арналған үзіліс ұзақтығы 1 сағат 30 минут, 12.30 сағаттан 14.00 сағатқа дейін;
- әлеуметтік пакет;
- төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы ұзақтығы 30 (отыз) күнтізбелік күн.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
- Китайский (Бастапқы)
Ұқсас вакансиялар
Менеджер («НҚ» және «МЕА») Жеткізушілермен өзара есеп айырысу бөлімінің менеджері Бухгалтерлік есеп басқармасының «Жалпы қызмет көрсету орталығы» АҚ «Қазпошта»
«Қазпошта» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
30.09.2026 | 65
Менеджер (декреттік орын) Жеткізушілермен өзара есеп айырысу бөлімінің менеджері Бухгалтерлік есеп басқармасының «Жалпы қызмет көрсету орталығы» АҚ «Қазпошта»
«Қазпошта» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
30.09.2026 | 54
«QazaGaz Aimaq» АҚ Жетісу өндірістік филиалының бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Жетісу өндірістік филиалы | Еңбекпен толық қамтылу
| Талдықорған қ.
30.09.2026 | 887