"ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі филиалаының Орал жол дистанциясының №16 ст.Сулусай желілік участкесінің жол шебері- жол бригадирі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Теміржол жолдарын, бағыттамалы бұрмаларды, жасанды құрылыстарды және жол құрылғыларын ағымдағы күтіп-ұстау және жөндеу жұмыстарын белгіленген талаптарға сәйкес орындау.Орындалатын жол жұмыстарының сапасына қойылатын талаптарды білу және сақтау.
Жол жұмыстарына қолданылатын қолданыстағы нормалар мен бағаларды пайдалану, жолды ағымдағы күтіп-ұстау және жол мен жол құрылғыларының жай-күйін бағалау бойынша ПУ-74 нысанына сәйкес графиктерді жасай білу.
Бригадада қолданылатын еңбек нормалары мен еңбекақы төлеу тәртібін білу.
Жұмыс күшін пайдалану, материалдардың, құрал-саймандар мен мүкәммалдың жұмсалуы және қозғалысы бойынша белгіленген нысандарда есеп пен есептілікті жүргізу.
Әр айдың бірінші және екінші жартыжылдығы аяқталғаннан кейін жол шеберіне орындалған жұмыстардың орындары мен көлемдері көрсетілген орындалған графикті ұсыну.
Теміржол жолдары мен бағыттамалы бұрмалардың жай-күйін, оның ішінде жолтабан ені мен деңгейін тексеру және қарап-тексеру.
Оқшаулағыш элементтердің, рельстік қосқыштардың, жер төсемінің, өткелдердің, жасанды құрылыстардың және басқа да жол құрылғыларының жай-күйіне тексеру жүргізу.
Жұмыстарды орындау кезінде еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.
Біліктілік талаптары:
Білімі: орта техникалық және кәсіптік білім.Мамандығы:
«Теміржолдарды, жол және жол шаруашылығын салу»;
«Теміржол көлігіндегі тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару»;
«Көліктегі тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару (салалар бойынша)».
Жұмыс өтілі: тиісті бағыт бойынша кемінде 1 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Техникалық және кәсіптік білім беру