4-разрядты химиялық талдау зертханашысының уақытша
378 404 - 378 404 KZT
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Мамандықтың функционалы:
- объектілер бойынша сынақтардың орындалуын қамтамасыз ету: ағынды су, жылу энергетикалық су;
- сынамаларды іріктеуге, сынамаларды орындауға байланысты барлық дайындық және қосалқы жұмыстарды орындау – сынамаларды консервациялау, сынамаларды орындау үшін пайдаланылатын күрделілігі орташа реактивтер ерітінділерін дайындау, сынамаларды іріктеу үшін сыйымдылықтарды дайындау және сәйкестендіру, сынамаларды орындау үшін зертханалық ыдыстарды дайындау;
- өлшеу құралдарын, сынақ және қосалқы жабдықтарды, зертханалық жиһазды, зертханалық ыдыстарды ұқыпты және дұрыс пайдалану.
Біліктілік талаптары:
- тиісті мамандық бойынша жоғары білім немесе техникалық және кәсіптік білім;
- жоғары білімі болған жағдайда, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
- техникалық және кәсіптік білімі болған жағдайда мамандық бойынша жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес болуы тиіс.
Білім және дағдылар:
- қолданылатын реактивтердің мақсаты мен қасиеттерін білу;
- жалпы, аналитикалық және физикалық химия негіздерін білу;
- зертханалық жұмыстардың техникасын білу;
- мемлекеттік/орыс тілдерін білу;
- нормативтік-техникалық құжаттамамен жұмыс істеу дағдылары;
- талдау нәтижелерінің дұрыстығын, олардың салыстырмалылығын тексеру дағдылары;
- дербес компьютерде жұмыс істеу дағдылары: MS Office: Word, Excel, Outlook.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру