«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы вокзалдық шаруашылық департаментінің сервисі мен маркетингін ұйымдастыру жөніндегі менеджері (15 грейд)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын уақтылы қарастырады және оларға жауаптар қалыптастырады;
- вокзалдардың негізгі қызметіне нұқсан келтірмей, стационарлық сауда орындарын жалға беруді, сондай-ақ жалға алушылардың жеке киоскілерін орнатуы үшін вокзалдар алаңының бір бөлігін жалға беруді ұйымдастырады;
- үй-жайларды жалға беру бойынша Компанияның еншілес ұйымдарымен салыстыру актілеріне уақтылы қол қойылуын қамтамасыз етеді;
- теміржол вокзалдарында көрсетілетін қызметтерге жолаушылардың/келушілердің қанағаттану деңгейін талдайды;
- коммерциялық алаңдар мен үй-жайларды жалға беру бойынша конкурсты өткізу үшін конкурс құжаттамасын әзірлеу және бекіту жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз етеді;
- коммерциялық алаңдар мен үй-жайларды жалға беру жөніндегі конкурс комиссиясының отырысына қатысады;
- департаменттің кіріс бюджетін қалыптастырады және оны функционалдық бағыттың құзыреті шеңберінде түзетеді;
- теміржол вокзалдарындағы коммерциялық үй-жайларды жалға беру шарттары бойынша дебиторлық берешекті жою жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;
- НЖС жалға беру шарттарын/қосымша келісімдерін уақтылы жасасуды/бұзуды қамтамасыз етеді;
- департаменттің шығыс бюджетін қалыптастыру және оны Департаменттің сервисті ұйымдастыру және маркетинг жөніндегі функционалдық бағытының құзыреті шеңберінде түзету жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; Стандарттау, метрология және сертификаттау; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Ғимараттар мен құрылыстар салу; Электрэнергетикасы; Экономика; Инженерлік жүйелер; Маркетинг; Көлік, көлік техникасы мен технологиялары, механикаландыру және автоматтандыру;
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы
Ұқсас вакансиялар