Техник-дизайнер (аутстаффинг шарты бойынша)

356 691 - 356 691 KZT
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
192

   Конкурс туралы

Лауазымның функционалы:

  • корпоративтік стандарттар мен техникалық тапсырмаларға сәйкес кәсіпорынның ақпараттық және өндірістік материалдарын визуалды және техникалық ресімдеуді қамтамасыз ету;
  • дизайн жобаларын әзірлеу және іске асыру;
  • материалдарды басып шығаруға және өндіруге дайындау;
  • сандық және мультимедиялық материалдармен жұмыс;
  • сапа мен стандарттарға сәйкестікті бақылау;
  • өзара әрекеттесу және үйлестіру.

Біліктілік талаптары:

  • қызмет бейініне сәйкес келетін тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
  • жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

Білімі мен дағдылары:

  • мемлекеттік және орыс тілдерін білу, ағылшын тілін білу (құпталады);
  • CorelDRAW, Adobe Illustrator, Photoshop, Premiere Pro, After Effects графикалық және компьютерлік бағдарламаларды меңгеру;
  • дизайн, корпоративтік стиль және техникалық құжаттама принциптерін білу;
  • 3D‑модельдеу, анимация, бейнемонтажды қоса алғанда заманауи графикалық және мультимедиялық бағдарламаларды меңгеру;
  • брендті басқару және корпоративтік стиль принциптерін білу;
  • жобалық басқару және техникалық тапсырмалармен жұмыс істеу дағдылары;
  • басып шығару технологияларын, материалдарды және орнату әдістерін түсіну;
  • презентация және визуалды коммуникация дағдылары;
  • дизайнды әзірлеу кезінде AI қолдану тәжірибесі.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман