жетекші технолог

«KMG EP-Catering» ЖШС Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
338

   Конкурс туралы

Міндеттерді орындау үшін қажет білім

 Қоғамдық тамақтандыру саласының жетекші технологы

Қажетті білім

  • Тағамдар мен аспаздық өнімдерді өндіру технологиясы.
  • Ыстық, суық, дайындау және басқа да өндірістік цехтардың технологиялық процестері.
  • Технологиялық және калькуляциялық карталарды әзірлеу және жүргізу ережелері.
  • Шикізатты салу нормалары, дайын өнімнің шығымы және өндірістік жоғалтулар нормалары.
  • Азық-түлік шикізатын және жартылай фабрикаттарды қабылдау, сақтау, өңдеу және пайдалану ережелері.
  • Азық-түлік өнімдерінің сапасына және қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
  • Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына арналған санитариялық нормалар мен ережелер.
  • HACCP қағидаттары және азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін өндіріспен бақылау.
  • Тауарлардың көршілестігі ережелері және өнімді сақтау мен дайындауға арналған температуралық режимдер.
  • Дайын өнімнің жарамдылық мерзімдері мен өткізу талаптары.
  • Шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және дайын тағамдардың сапасын бақылау әдістері.
  • Ақауды анықтау және оның алдын алу әдістері.
  • Дәмін тату және дайын өнімді органолептикалық бағалау ережелері.
  • Тағамдардың өзіндік құнын есептеу қағидаттары, шикізат шығыны нормалары және өндірістік жоғалтулар.
  • Мәзір мен ассортиментті қалыптастыру және түзету негіздері.
  • Технологиялық жабдықты пайдалану және санитариялық өңдеу ережелері.
  • Еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптары.
  • Санитариялық іс-шараларды және ішкі технологиялық тексерулерді өткізу тәртібі.
  • Технологиялық құжаттаманы және есептілікті жүргізу тәртібі.
  • Есепке алу бағдарламаларында жұмыс істеу негіздері, оның ішінде 1С.
  • Өндірістік персоналдың жұмысын ұйымдастыру және басқару негіздері.
  • Өндіріс қызметкерлерін оқыту, тәлімгерлік (наставничество) және бақылау әдістері.
  • Қазақстан Республикасында қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптары: азық-түлік өндірісі және қоғамдық тамақтандыру саласында.

Негізгі міндеттер

  • Өнімді өндіру және өткізу кезеңдерінің барлығында бірыңғай технологиялық стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету.
  • Өндірісте технологиялық процестерді ұйымдастыру және бақылау.
  • Шығарылатын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау.
  • Технологиялық және калькуляциялық карталарды әзірлеу, тексеру және өзектендіру.
  • Бекітілген рецептуралар мен шикізатты салу нормаларының сақталуын бақылау.
  • Дайын өнімнің шығымын және белгіленген порциялау нормаларына сәйкестігін бақылау.
  • Кіретін шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің сапасын бақылау.
  • Өнімдерді сақтау шарттарының, температуралық режимдердің және өткізу мерзімдерінің сақталуын бақылау.
  • Дайын тағамдардың сапасына тұрақты бағалау жүргізу және дәмін тату шараларын ұйымдастыру.
  • Ақаудың, қайтарымдардың, шикізаттың артық жұмсалуының және өнімді есептен шығарудың себептерін анықтау.
  • Ақауды, жоғалтуларды және шикізаттың артық жұмсалуын азайту бойынша іс-шараларды әзірлеу және енгізу.
  • Персоналдың санитариялық талаптары мен жеке гигиена ережелерінің сақталуын бақылау.
  • Санитариялық күндерді және басқа да міндетті санитариялық іс-шараларды өткізуін ұйымдастыру.
  • Өндірістік үй-жайларды, цехтарды және жұмыс процестерін технологиялық аудиттен өткізу.
  • HACCP талаптарының және өндірістік бақылау рәсімдерінің сақталуын бақылау.
  • Технологиялық жабдықтың ақаусыздығын және дұрыс пайдаланылуын бақылау.
  • Жабдықты жөндеу және профилактикалық қызмет көрсету мәселелері бойынша техникалық қызметтермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
  • Кәсіпорынның мәзірі мен ассортиментін әзірлеуге және жаңартуға қатысу.
  • Жаңа тағамдарды, рецептураларды және дайындау технологияларын әзірлеу және тестілеу.
  • Шикізаттың жаңа түрлерін бағалау және олардың өндірісте қолдану мүмкіндігін анықтау.
  • Жеткізушілерді сапасы мен шикізаттың технологиялық сипаттамалары тұрғысынан іріктеуге және бағалауға қатысу.
  • Нақты өндірістік процестің бекітілген технологияға сәйкестігін бақылау.
  • Технологиялық нұсқаулықтарды, стандарттарды және жұмыс регламенттерін әзірлеу.
  • Өндірісте технологиялық құжаттаманың бар-жоғын және өзектілігін бақылау.
  • Өнімнің өзіндік құнын есептеуге және бақылауға қатысу.
  • Өндірістік жоғалтуларды талдау және өндіріс тиімділігін арттыру бойынша шешімдер ұсыну.
  • Барлық өндірістік учаскелерде сапа стандарттарының сақталуын бақылау.
  • Аспаздарды, технологтарды және басқа да өндірістік персоналды оқыту және тәлімгерлік ету.
  • Технологтардың жұмысын үйлестіру және олардың қойылған міндеттерді орындауын бақылау.
  • Өндірістік бөлімшелердің жұмысын тұрақты тексеру.
  • Анықталған бұзушылықтарды тіркеу және түзетуші іс-шаралардың орындалуын бақылау.
  • Анықталған технологиялық проблемалар туралы басшылықты хабардар ету және оларды шешу нұсқаларын ұсыну.
  • Жаңа өндірістік объектілерді, цехтарды және бағыттарды іске қосуға қатысу.
  • Өз жауапкершілік аймағы шеңберінде техникалық тапсырмалар жасау.
  • Азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі мәселелері бойынша тексеруші және бақылаушы ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.
  • Еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария және азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.
  • Компанияның бірыңғай технологиялық стандарттарын қалыптастыру және қолдау.
  • Барлық бекітілген объектілерде технологтардың жұмысын бақылау.
  • Объектілерге тұрақты технологиялық аудит жүргізу.
  • Тексерулер нәтижелерін талдау және түзетуші іс-шаралар жоспарын қалыптастыру.
  • Технологиялық қызмет бөлігінде өндірістік процестердің бюджеті әзірлеуге қатысу.
  • Food cost көрсеткіштерін, есептен шығаруларды, өндірістік жоғалтуларды және өнім шығымын бақылау.
  • Дайын өнімнің сапасын нашарлатпай, рецептураларды оңтайландыруға қатысу.
  • Жаңа объектілерді ашу стандарттарын әзірлеуге қатысу.
  • Негізгі өндірістік персоналды іріктеуге қатысу.
  • Технологтардың және асүйдің негізгі қызметкерлерінің кәсіби білімін аттестаттау және бағалау.
  • Технологтар мен өндірістік персоналды оқыту бағдарламасын қалыптастыру.
  • Жаңа технологияларды, жабдықты, рецептураларды және өндірістік стандарттарды енгізуге жауапты болу.
  • Өндірістің жай-күйі, өнім сапасы, бұзушылықтар және түзетуші іс-шаралардың нәтижелері туралы басшылыққа есептер дайындау.

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташа)
  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Озат)

Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет

  • Өндіріс