«KEGOC» АҚ «ЖО ҰДО» филиалы Диспетчерлік қызметі жедел-диспетчерлік талдау тобының телеөлшемдердің дұрыстығын бақылау және жедел есептерді дайындау жөніндегі инженері

от 397 500 KZT
«KEGOC» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
30

Қаралған саны:
286

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері

  1. автоматтандырылған тәуліктік ведомостьтегі жазбалардың дұрыстығын үздіксіз бақылауды жүзеге асырады. ДДО мен Филиал деректерінде алшақтық анықталған жағдайда, алшақтықтың себебін анықтайды, бұл туралы аға кезекші диспетчерге, кезекші диспетчерге, теңгерімдер жөніндегі диспетчерге, теңгерімдер жөніндегі диспетчерлер тобының жетекші инженеріне хабарлайды және алшақтықты жою бойынша қажетті шараларды қабылдайды;
  2. Қызметтің теңгерімдер жөніндегі диспетчерімен бірлесіп диспетчерлік жүктеме кестесінің сақталуын, электр энергиясы мен қуатының өңіраралық және мемлекетаралық ағындары сальдосының орындалуын үздіксіз бақылауды жүзеге асырады;
  3. ОИК-тағы және тәуліктік кестедегі жоспарлы мәндердің сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады;
  4. «ТЭП ЕЭС» бағдарламасы бойынша деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырады, «Қазақстанның электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің жұмысы туралы рапорт» шығыс нысанын бақылайды;
  5. «Жедел анықтама» тапсырмасы бойынша шығыс нысанын есептеуді және беруді жүзеге асырады;
  6. шектеулер енгізуге арналған өтінімдерді ресімдейді;
  7. жылыту маусымы кезеңінде «Қазақстан қалаларын жылумен жабдықтау жөніндегі анықтама» тапсырмасы бойынша ақпаратты өңдейді және шығыс нысанын бақылайды;
  8. Қазақстанның БЭЖ-дегі жабдықтардың жай-күйі туралы ақпаратты өңдейді;
  9. СДҚ нұсқауларына сәйкес ОИК-тің импульстік архивтерін құрады;
  10. кіріс және шығыс ақпаратты (телефонограммаларды, факсограммаларды және т.б.) қабылдауды және беруді жүзеге асырады.

 

Талаптар:

  • Білімі: электр/жылу энергетикасы саласындағы инженерлік-техникалық бағыт бойынша жоғары білім;
  • Жұмыс тәжірибесі: талап етілмейді.

Лицензиялар, сертификаттар:

  • Қарауындағы сала бойынша сертификаттары мен лицензияларының болғаны құпталады;
  • Электр қауіпсіздігі бойынша II топ (құпталады).

Қосымша талаптар:

  • MS Office, Corel DRAW бағдарламаларын тәжірибелі пайдаланушы;
  • Қазақ және орыс тілдерін білу.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Энергия нарығы субъектілерімен өзара қарым-қатынас жасау жөніндегі салалық қағидаларды, нормативтік құжаттарды, электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын, өрт қауіпсіздігі қағидаларын және энергетикалық өндіріс ұйымдарында персоналмен жұмысты ұйымдастыру қағидаларын өзінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде білуі;
  • «KEGOC» АҚ-ның қарауындағы өңірдің электр желісінің схемасын, негізгі жабдықтарының параметрлері мен құрамын білуі;
  • Жүйелік оператордың ұлттық немесе өңірлік диспетчерлік орталықтарының қызметін үйлестіру тәжірибесінің болуы;
  • Кәсібилігі (адалдығы, объективтілігі және кәсіби этика қағидаларын қатаң сақтауы).

Қажетті қабілеттер

  • диспетчерская служба