Атырау мұнай құбырлары басқармасының «ҚазТрансОйл» АҚ технологиялық көлік және арнайы техника цехының диспетчері

«ҚазТрансОйл» АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
47

Қаралған саны:
536

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • жүргізушілерге тиісті санаттағы көлік құралдарын басқару құқығын растайтын куәлігін көрсеткен жағдайда ғана жол парақтарын беру; жол парақтарын, тауар-көлік жүкқұжаттарын және жүргізушілер орындаған жұмысты көрсететін басқа да құжаттарды толтыру және қабылдау, олардың ресімделуінің дұрыстығын тексеру; автокөлік құралдарының жұмыс режимінің (бұдан әрі – АТС) және тапсырыс берушілердің өтінімдеріне және автокөлік құралдарын GPS спутниктік мониторингі деректеріне сәйкестігін тексеру;

    жол парақтарын беру журналын жүргізу, жүргізушілерден (машинистерден) жол парақтарын, тауар-көлік жүкқұжаттарын және басқа да құжаттарды уақытылы тапсыруды талап ету, олардың дұрыс ресімделуін тексеру; жүргізушінің, бақылау механигінің, тапсырыс берушінің, профилактикалық тексерулерді жүргізетін медбикенің қолтаңбасының бар-жоғын тексеру, тапсырылған жол парақтарын уақытылы және дұрыс өңдеу және бекітілген нормаларға сәйкес ЖСМ-ді есептен шығару;

    ТОРО модулінің SAP жүйесіне қатысты талаптарды сақтау және орындау, тапсырылған жол парақтарын ресімдеу және өңдеу бөлігінде, ЖСМ-ді есептен шығарудың дұрыстығын бақылау;

    бекітілген отын шығыны нормаларын қолдану және отынды тапсырманы орындауға қатаң түрде беру; жол парақтары бойынша отынды есептен шығарғанда белгіленген нормалар мен коэффициенттерді пайдалану; жол парағын өңдеу кезінде пайдаланылатын ақпаратты (жанармай құю, шығын және ЖСМ қалдықтары) талдау, есептен шығарылатын ЖСМ көлемінің жұмыс ауысымының басындағы қалдықтар және жанармай құю туралы жол парағында көрсетілген деректерге сәйкес келмеуі анықталған жағдайда шаралар қабылдау; ай сайын АЗС оператормен бірге ЖСМ берілгені туралы деректерді салыстыру; «Жүріс және отын шығыны туралы есеп» ЖСМ шығыны бойынша есепті, сондай-ақ «Тасымал көлігін жанармаймен толтыру туралы есепті» (жағыдайға қарай: «екінші жақта»/«тарапта») қалыптастыру;

    ЖКО туралы хабарлама алынған сәтте СЭ ЦТТиСТ басшысына және жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі инженерге дереу хабарлау, авариялар мен оқиғалардың себептерін тергеу кезінде көмек көрсету.

  • Қоғамның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін заңнамалық және нормативтік актілерді;

    өндірістік жоспарлау және өндірісті жедел басқару мәселелері бойынша әдістемелік материалдарды;

    өндірістік жоспарлауды және диспетчерлеуді ұйымдастыру ережелерін;

    көліктік және тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру ережелерін;

    цехтың өндірістік-шаруашылық қызметінің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларын әзірлеу ережелерін;

    негізгі өндірістік және басқарушылық процестерді;

    СТ РК 1928-2015 сәйкес мемлекеттік тілді базалық деңгейде;

  • жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру;

    ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау;

    шешімдерді уақытылы қабылдау және іске асыру, міндеттерді орындау, талдау және болжам жасау;

    әріптестермен ынтымақтастық;

    келіссөздер жүргізу;

    есептеу техникасының құралдарын пайдалану, бағдарламалық қамтамасыз етумен, коммуникациялар және байланыс құралдарымен жұмыс істеу.

Талаптар:

  • кадрларды даярлау бағытына сәйкес жоғары білім

Шарттар:

  • 5/2

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр