Активтерді сату және тәуекелдерді басқару департаментінің сарапшысы

«Самрук-Казына Контракт» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
44

Қаралған саны:
593

   Конкурс туралы

Білім:

Міндетті:
- бизнес, басқару және құқық саласындағы жоғары білім (есеп және аудит/ құқық/ іскерлік әкімшілендіру/ сабақтас мамандықтар), магистр дәрежесі;
-  «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-ға меншік құқығымен тиесілі ұйымдардың активтерін бәсекелестік ортаға беру қағидалары туралы ережелерін білу;
- Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне қойылатын талаптарды, оның ішінде «Акционерлік қоғамдар туралы», «Шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы», «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және жауапкершілік аймақтары шеңберінде орындалатын функциялар аясында қолданылатын өзге де актілерді білу;
- ағылшын тілін білу;
- жобаларды басқару бойынша сертификаттаудың болуы;
Тәжірибе:
- мамандығы бойынша кемінде 5 жыл;
- басшылық лауазымдарда кемінде 2 (екі) жыл жұмыс тәжірибесі;
Негізгі дағдылар:
- жазбаша және ауызша коммуникация дағдылары;
- келіссөз жүргізу дағдылары;
- стресске төзімділік;
- қарым-қатынасқа бейімділік;
- командада жұмыс істей білу;
- аналитикалық қабілеттер.
Міндеттері:
1. Қордың активтері мен объектілерін дайындау және іске асыруды ұйымдастыру бойынша шарттық міндеттемелерді орындау
2. Салалық компаниялардың комиссияларының отырыстарына қатысу
3. Қор ұйымдарымен, мемлекеттік органдармен және басқа да үшінші тарап ұйымдармен хат алмасу
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
5. Серіктестіктің ішкі құжаттарының талаптарын сақтау