Жол монтері Көмекші персонал «Кедентранссервис» АҚ Көкшетау қаласы бойынша филиалы «Кедентранссервис» АҚ

«Кедентранссервис» АҚ-ның Көкшетау қаласы бойынша филиалы Көкшетау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
32

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Жол монтері келесі лауазымдық міндеттерді орындайды:

3.1. Рельстерді шпалдар мен брустарға қолмен бекіту;

3.2. Бөлек рельстік бекіту кезінде рельстерді төсемдерге клеммалық болттармен бекіту;

3.3. Рельстерді электрлі рельс кесетін станоктармен кесу;

3.4. Рельстерде тесіктерді электрлі бұрғылау станоктарымен бұрғылау;

3.5. Төсемдерді темірбетон шпалдарға бұрауыштардың (шуруповерттердің) көмегімен бекіту;

3.6. Оқшауланған түйіспені монтаждау және бөлшектеу, темірбетон шпалдары бар учаскелерде гидравликалық ажыратқыш құрылғының көмегімен рельс аралық саңылауларды реттеу;

3.7. Гидравликалық түзету құрылғыларының көмегімен рельс-шпал торын түзету;

3.8. Гидравликалық және электрлік құралдарды қолдана отырып, шаблон бойынша рельс жолтабанын өлшеу және реттеу;

3.9. Көтерілген (пучиналы) жерлерде рельс желілерінің биіктігі мен деңгейін реттеу;

3.10. Рельс-шпал торының жекелеген элементтерін ауыстыру;

3.11. Темірбетоннан жасалған су бұру науаларын және басқа да құрылыстарды монтаждау және бөлшектеу.

Біліктілік талаптары:

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: орта (техникалық және кәсіптік);

  • Мамандығы: Құрылыс (Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы; Көпірлер және көлік тоннельдері); Көтергіш-көліктік, құрылыс және жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану; Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету;

  • Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне талап қойылмайды.

Қажетті білім дәрежесі

  • Колледж