Өндірістік бақылау қызметінің инженері

«Казатомпром-SaUran» ЖШС-і Таукент а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
17

Қаралған саны:
312

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Құзыреттілігі шеңберінде: • ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес келетін ҚӨО-дағы (қауіпті өндірістік объектілердегі) өндірістік бақылау саласындағы стратегияны, мақсаттарды, ТКӨ (түйінді тиімділік көрсеткіштерін) және бірыңғай саясатты әзірлейді, ҚӨО-да өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық шараларды әзірлейді; • Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының дұрыс және дәл көрсетілуі тұрғысынан жобаларды, технологиялық режим регламенттерін қарайды; • Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және аварияларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарларын ұйымдастыруға және әзірлеуге қатысады; • Қызметкерлердің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауын өндірістік бақылауды жүзеге асырады; • Қызметкерлердің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауын тексеруді ұйымдастырады және өткізеді; • Құрылымдық бірліктердің өндірістік бақылау жауапты тұлғаларының жұмыс орындарында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету және сақтау бойынша тексерулер жүргізуіне мониторинг жүргізеді; • Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар мен инциденттердің туындау себептеріне талдау жүргізеді және оларды есепке алу жөніндегі құжаттаманы сақтайды; • Қауіпті өндірістік объектідегі авария салдарынан болған аварияларды, жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді және есепке алу тәртібін ұйымдастырумен айналысады; • Ұйымның құрылымдық бірліктері мен бөлімшелерінің басшыларына өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі орындалуы міндетті Нұсқауларды (Актілерді, Ұйғарымдарды) береді; • Жұмыс орындары мен объектілерде анықталған сәйкессіздіктер мен тәуекелдерді жою мақсатында тәуекелдерді бағалауды сәйкестендіру нәтижелері бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады; • НҚА талаптарына сәйкес, соның ішінде жаңа жабдықтар мен жаңа технологиялық процестерді енгізу кезінде оқыту бағдарламаларын келіседі және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша білімді тексеру комиссияларына қатысады; • Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша қызметкерлерді даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыруды бақылайды; • Объектілер мен техникалық құрылғыларға өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; • Қауіпті өндірістік объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады; • Қызметкерлерді өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының өзгергені туралы хабардар етеді; • Өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайын жақсартуға және персоналға, өңір халқына және қоршаған ортаға зарар келтірудің алдын алуға бағытталған шараларды әзірлейді; • Қауіпті өндірістік факторлардың объектілерге, адамдарға, қоршаған ортаға зақымдаушы әсерінің алдын алуға бағытталған жұмысты үйлестіреді; • Ұйымның инциденттер мен аварияларды оқшаулауға және олардың салдарын жоюға дайындығын қамтамасыз етеді; • Серіктестік филиалында қолданылатын бақылау-өлшеу құралдарын уақтылы тексеруден өткізуді, техникалық құрылғыларды зерттеуді, сынауды, куәландыруды және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын бақылайды; • Жұмыс жүргізу орындарында қауіпті факторларды анықтауды қамтамасыз ету, тәуекелдерді бағалау және өндірістік процесс кезінде, инциденттің немесе аварияның туындау себептерін талдау кезінде өндірістік персоналға қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсер ету тәуекелінің деңгейін анықтау, залал мөлшерін азайту бойынша жұмысты ұйымдастырады; • Персоналға қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсер ету тәуекелінің деңгейін төмендету бойынша іс-шараларды әзірлеумен айналысады; • Оқиға, инцидент, авария, жазатайым оқиға туындаған кезде хабардар ету тәртібін айқындайды.

Білім:

Жоғары білім

Дағдылар:

Міндетті талаптар: • Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын білу; • Өндірістік процестерді түсіну; • ИМЖ (Интеграцияланған менеджмент жүйесі): ISO 9001, ISO 14001 және ISO 45001 стандарттарын білу; • Бағдарламалық жасақтамамен жұмыс істеу дағдылары; • Word, EXCEL, PowerPoint (классикалық қосымша) бағдарламаларын еркін меңгеру; • Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру.

Қосымша:

• Техникалық және жаратылыстану ғылымдарын білу, техникалық ойлау қабілеті, талдау дағдылары; • Ағылшын тілін білу.

Білетін тілдер:

Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру.