Инженер-механик (аутстаффинг)

«Өріктау Оперейтинг» ЖШС Ақтөбе қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
120

   Конкурс туралы

Білім:

) ҚР № 188-V «Азаматтық қорғау туралы» Заңы, 11.04.2014 ж.;                                                     

2) Сәйкес жабдыққа арналған паспорттар мен техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтардың талаптары;          

3) «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» (Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 30 желтоқсан 2014 жылғы № 358 бұйрығы);                                                     

4) «Технологиялық құбырларды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары» (ҚР ТЖ министрінің 27.07.2009 ж. № 176 бұйрығы;                                                     

5) «Мұнай және газ өнеркәсібі қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» (Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 30 желтоқсан 2014 жылғы № 355 бұйрығы);                                                 

6) «ГПМ пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» (Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 30 желтоқсан 2014 жылғы № 359 бұйрығы);                                         

7) «ҚазМұнайГаз» АҚ және «Самұрық-Қазына» АҚ-ның энергетикалық қызметіне қатысты қаулылары, өкімдері, бұйрықтары, өзге де басшылық және нормативтік құжаттары;                                                          

8) «Жұмыс беруші ұйымдардың қызметкерлерін және халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларын бекіту және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту бойынша оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптар» (Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы шілде айындағы № 277 бұйрығы;

9) Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және

жөндеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары №286, 15 маусым 2021 ж.;                                                        

10) мұнай және газ жабдықтары туралы негізгі мәліметтер;                                           

11) ұңғымалардың жерүсті жабдықтарын және қолданылатын құрал-саймандар мен саймандарды, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету қағидалары;       

12) мұнайды, газды, газ конденсатын өндіру, жинау, тасымалдау және дайындау технологиялық процесі, газды айдау және алу, қызмет көрсетілетін учаскеде мұнай, газ және конденсатты жинау және тасымалдау сызбасы;                                                     

13) қызмет көрсетілетін бақылау-өлшеу аспаптарының, аппаратураның, автоматика және телемеханика құралдарының құрылғысы;                                                       
14) мұнай және газ өнеркәсібіндегі Еңбек қауіпсіздігі және техника қауіпсіздігі (ЕҚжТҚ) қағидалары.

Дағдылар:

1) байланыс пен телекоммуникацияның заманауи құралдарын пайдалану.           

Міндеттері:

   1) ДНС мұнай-өнеркәсіптік жабдығына, өнеркәсіптік базаға, вахталық қалашыққа және кен орнына қызмет көрсету бойынша сервистік компанияның жұмысын бақылау және ұйымдастыру;                                           

   2) мұнай-өнеркәсіптік жабдықтың дұрыс пайдаланылуын және сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;                                                     

  3) техникалық пайдаланудың қағидаларының сақталуын және мұнай-өнеркәсіптік жабдықтың қауіпсіздік қағидалары талаптарына сәйкестігін бақылау;                                                           

  4) мұнай-өнеркәсіптік жабдыққа уақтылы профилактикалық тексерулерді, жөндеуді ұйымдастыру;                                                         

  5) тозған және моральдық тұрғыдан ескірген жабдықты уақтылы ауыстыру бойынша шаралар қабылдау;                                               

  6) мұнай-өнеркәсіптік жабдықтағы авариялардың себептерін тергеуге және оларды алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу;                                                     

  7) барлық жабдықтың бар-жоғы және техникалық жай-күйі туралы есептердің жасалуын қамтамасыз ету;                                                      

  8) кен орындарын, капиталдық құрылыс объектілерін жобалау және жабдықтау бойынша жобаларды әзірлеуге қатысу, құзырет шегінде құрылыстың барысын жергілікті жерде сүйемелдеу және бақылау, капиталдық құрылыс объектілерін қабылдауға қатысу;                                                         

 9) мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау, игеру және күрделі жөндеу кезінде іске қосу комиссияларына қатысу;                                                       

10) авариялық жағдайдың дамуын шектеу және оны жою бойынша қажетті шаралар қабылдау, зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсету, жедел жәрдемді, авариялық қызметтерді, өрт күзетін шақыру бойынша шаралар қабылдау.   

Талаптар:

  • Біліктілік талаптары: жоғары немесе орта техникалық білім. Мамандық бойынша еңбек өтілі кемінде 3 жыл.

Шарттар:

  • вахталық әдіс 15х15
  • аутстаффинг

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр