Электрохимиялық қорғаныс жөніндегі инженер (аутстаффинг)
«Өріктау Оперейтинг» ЖШС Ақтөбе қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Білім:
- Қазақстан Республикасының электроэнергетика, өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбек қорғау саласындағы заңнамалық талаптарын, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану ережелерін, электр қондырғыларын орнату ережелерін, электр қауіпсіздігі талаптарын, сондай-ақ орындалатын жұмыстарға қатысты бөлігінде электр және жылу энергиясын пайдалану ережелерін білу.
- Құбырларды және басқа да жерастындағы металл құрылыстарды коррозиядан қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттары мен қолданылатын стандарттардың талаптарын білу.
- катодтық қорғаныс станцияларының, протекторлық қондырғылардың, дренаждық қорғаныс қондырғыларының және бақылау-өлшеу пункттерінің жұмыс істеу қағидаттарын, құрылғысын және пайдалану ережелерін білу.
- электрохимиялық қорғаныстың тиімділігін бақылау әдістерін, қорғаныш потенциалдарын, қорғаныш токтарын және жерге тұйықтау құрылғыларының кедергісін өлшеу әдістерін білу.
Дағдылар:
- электр қондырғыларын пайдалану, еңбек қорғау, электр қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік талаптарды қолдану.
- ЭХҚ құралдарының қорғаныш потенциалдарын және басқа да электрлік параметрлерін өлшеу, өлшеу нәтижелерін талдау және қорғаныстың тиімділігі төмендеу себептерін анықтау.
- катодтық қорғаныс станцияларын, протекторлық қондырғыларды, дренаждық қорғаныс қондырғыларын және бақылау-өлшеу пункттерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеуді ұйымдастыру.
- техникалық құжаттамамен жұмыс істеу, ақаулық ведомостарын, техникалық тексеру актілерін және ЭХҚ жабдықтарын жөндеуге арналған өтінімдерді жасау.
- мердігер ұйымдар орындайтын монтаждау, жөндеу және іске қосу-жөндеу (пусконаладка) жұмыстарын орындауды бақылау.
- ЭХҚ жабдықтарына жоспарлы-алдын ала қараулар мен жөндеулерді ұйымдастыру, қорғаныс қондырғыларының техникалық жай-күйі мен жұмысқа қабілеттілігін бақылау.
Міндеттері:
- құбырлар мен басқа қорғалатын металл құрылыстардың электрохимиялық қорғаныс құралдарының сенімді және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.
- катодтық қорғаныс станцияларының, протекторлық қондырғылардың, дренаждық қорғаныс қондырғыларының және бақылау-өлшеу пункттерінің техникалық жай-күйін, жұмысқа қабілеттілігін және параметрлерін бақылау.
- ЭХҚ бойынша қорғаныш потенциалдарын және басқа параметрлерін аспаптық өлшеулерді ұйымдастыру және орындау, өлшеу нәтижелерін талдау, ауытқуларды анықтау және қорғаныс тиімділігін қалпына келтіру үшін шаралар қабылдау.
- ЭХҚ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, профилактикалық тексерулер және жөндеуді ұйымдастыру, жұмыстардың уақтылығы мен сапасын бақылау.
- мердігер ұйымдардың ЭХҚ жабдықтарын монтаждау, жөндеу және баптау (наладка) бойынша жұмыстарын орындауын бақылау, орындалған жұмыстар сапасын тексеруге және жұмыстар аяқталғаннан кейін жабдықты қабылдауға қатысу.
- ЭХҚ жабдықтары мен қондырғыларын іске қосу-жөндеу жұмыстарын, сынақтарды және пайдалануға енгізуді жүргізуге қатысу.
- ақаулық ведомостарын, тексеру актілерін, техникалық есептерді және ЭХҚ жабдықтарын жөндеуге арналған өтінімдерді жасау және тексеру.
Талаптар:
-
«Электроэнергетика», «Электрмен жабдықтау» немесе сабақтас мамандықтар бағыты бойынша жоғары немесе орта техникалық білім. Мамандық бойынша еңбек өтілі кемінде 3 жыл.
Білім мен біліктілікті растайтын құжаттардың, сондай-ақ электрохимиялық қорғаныс саласындағы арнайы даярлықтан өткенін растайтын құжаттардың болуы.
Шарттар:
- вахталық әдіс 15х15
- аутстаффинг
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
Ұқсас вакансиялар
Инженер-механик (аутстаффинг)
«Өріктау Оперейтинг» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Ақтөбе қ.
09.10.2026 | 120
Бас инженер-инспектор жабдық бойынша
ЖШС «KMG PetroChem» | Еңбекпен толық қамтылу
| Атырау қ.
09.10.2026 | 719
Құрылысқа қадағалау жөніндегі жетекші инженер — Құрылыс бөлімі (Капиталдық құрылыс басқармасы)
«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Екібастұз қ.
09.10.2026 | 205