"ҚТЖ"ҰК" АҚ филиалы "Маңғыстау пайдалану вагон депосы" Бейнеу станция ТҚКП вагондар мен контейнерлерге қызмет көрсету операторы

350 710 - 368 840
ВЧД-33 МАНГИСТАУСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ВАГОННОЕ ДЕПО 3 группа Бейнеу а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
18

Қаралған саны:
73

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:


17.1 Жұмысқа кіріспес бұрын нысаналы нұсқамадан өтеді, өз міндеттері шеңберіндегі бұйрықтармен және нұсқаулармен танысады.
17.2 Ауысымға кіріскен кезде жолдардағы пойыздардың бар-жоғы және олардың дайындығы туралы мәліметпен танысады.
17.3 ДСП-дан алдағы кезеңге әрбір пойыз бойынша пойыздардың жалпы жақындауы, келу жолы және қайдан келетіні туралы ақпарат алады.
17.4 Пойызды орталықтандырылған қоршау посты арқылы қоршайды, ал орталықтандырылған қоршау посты ақаулы болған жағдайда қарауышыларға пойызды тасымалды қоршау сигналы арқылы қоршауға команда береді және пойызды қарсы алу кезінде анықталған ақаулар туралы мәліметтерді қарауышылардан қабылдайды.
17.5 Орталықтандырылған қоршау посты, УЗОТ-РМ құрылғысы істен шыққан немесе электр энергиясы өшкен жағдайда бұл туралы ауысымдағы вагон қараушылардың аға қараушысына және ПТО бастығына баяндап, пойыздар қозғалысы кестесіне бұл жөнінде белгі қояды.
17.6 Пойызды техникалық қызмет көрсетуге ұсынады және КТСМ-02 көрсеткіші бойынша пойызды жүріп келе жатқан кезде қарсы алу барысында анықталған ақаулар туралы ақпаратты қарауышыларға береді.
17.7 Пойыз станцияға келгеннен кейін компьютер арқылы ақауы бар вагондар туралы ақпаратты (№118 анықтама) алады.
17.8 №204 сұранысы бойынша пойыздың толық натуралық парағын алады.
17.9 Қарауышылардан құрамға техникалық қызмет көрсету нәтижелері және тексерудің аяқталуы туралы ақпарат алады.
17.10 ВУ-23М хабарламасын толтыруға және 1353 хабарламасын қалыптастыруға арналған ақпаратты қабылдайды, сондай-ақ ВУ-26 нысанының негізінде 1352 хабарламасын енгізуді қамтамасыз етеді.
17.11 Вагон қарауышыларына құрамда сары және қызыл ақауы бар вагондардың бар екені туралы хабарлайды.
17.12 Вагондарды тиеуге ұсынған кезде №2610, 2612 анықтамаларын сұратып, вагон қарауышыларына вагонның жөндеуаралық нормативі туралы хабарлайды.
17.13 ПТО ауысымының жұмыс кестесін жүргізеді және пойыздар қозғалысын «орындалған пойыз қозғалысы кестесінде» тіркейді.
17.14 Ауысым барысында тұрақты түрде дауысзорайтқыш байланыс арқылы ПТО қызметкерлерін теміржол жолдарында болу кезіндегі сақтық шаралары туралы хабардар етеді.
17.15 Пойыздың дайын екендігі туралы мәліметті станция бойынша кезекшіге береді.
17.16 Хабарлау радиобайланысы арқылы пойыздың жөнелтуге толық дайын екендігін хабарлайды.
17.17 Жол бөлімшесінің диспетчерімен байланыста болып, кепілді учаскелерде жөнелтілген пойыздардың кідірісі жағдайлары туралы, соның ішінде КТСМ-02 көрсеткіштері бойынша ақпарат алады.
17.18 Техникалық қызмет көрсетудің аяқталу уақытын көрсете отырып, пойыздың дайындығы туралы ДСП-ға баяндайды, бұл пойыздарды қабылдауға жауапты ОВС растағаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
17.19 Вагон қарауыштарының, ПТО және КП РЗД-6 пен 10 талап етуі бойынша 2612, 2610 хабарламалары бойынша ақпаратты компьютер арқылы ВЦ-ға береді.
17.20 Әр ауысым сайын РЗД-6 және РЗД-10 жұмысы мен КТСМ-02 көрсеткіштері туралы ақпарат пен мәліметтерді жинайды.
17.21 Әр ауысым сайын «Сай-Утес – Маңғышлақ» және «Сай-Утес – Бейнеу» учаскелері бойынша пойыздар қозғалысы туралы ақпарат жинап, ПТО-ға баяндайды.
17.22 Әр ауысым сайын Сай-Утес ПТО қызмет көрсететін бүкіл кепілді учаскені қамтып, вагон паркі бойынша барлық ақпаратты жинайды.
17.23 Хат-хабарлардың алынуын және жөнелтілуін бақылайды.

17.24 Құрам тарқату пойызы жақындағанға дейін ДСП-дан немесе ВЦ арқылы сұрау салу жолымен пойызда жоспарлы жөндеуді қажет ететін вагондардың бар-жоғы туралы ақпарат алады, вагон қарауышыларына пойызда сары және қызыл ақауы бар вагондардың бар екені туралы хабарлайды.
17.25 Әр 4–5 сағат сайын компьютер арқылы пойыздардың жақындауы туралы №92 анықтаманы алып, ауысымның барлық қызметкерлерін хабардар етеді.
17.26 Вагондарды тиеуге беру кезінде ВЦ-дан вагон жүрісінің нормативтік межесін сұратады.
17.27 Вагон жөндеуге наряд қалыптастыру үшін вагон қарауышыларынан ақпарат алады және 1353 хабарламасы бойынша вагонды жөндеуге ағыту туралы ақпаратты, сондай-ақ ВУ-26 ілеспе парағы жазылған сәттен бастап 15–20 минут ішінде 1352 хабарламасын қалыптастыру туралы нұсқаулықты қабылдайды; жөндеуден шыққан кезде 1354 хабарламасы сұрау кодымен беріледі (212 КП 3:222 1352); ВУ-36М хабарламасын беру тек «4634» хабарламасынан және вагонның жинақтылық есебі парағы қоса тіркелгеннен кейін ғана жүзеге асырылады

Біліктілік талаптары:

 

Білімі: Орта білім және бекітілген багдарлама бойынша  арнайы дайярлық 
* Еңбек өтіліне талап қойылмаған.

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру