Аймақтық қызмет көрсету орталығының бухгалтері
«Samruk Business Academy» ЖММ Астана қ.Үміткерге қойылатын талаптар:
-
Бухгалтерлік есеп, еңбекақыны есептеу немесе аудит саласында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
-
Қызметкерлердің еңбекақысын, еңбек демалысы төлемдерін, сыйақыларын, өтемақыларын, жәрдемақыларын және өзге де төлемдерін есептеу және есепке жазу бойынша практикалық тәжірибенің болуы;
-
Қазақстан Республикасының еңбек және салық заңнамасын білу;
-
Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңын білу;
-
Салықтарды, міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік төлемдерді есептеу мен ұстап қалу тәртібін білу;
-
Еңбекақыны есептеудің автоматтандырылған жүйелерінде, әсіресе 1С ERP жүйесінде жұмыс істеу тәжірибесінің болуы;
-
Бухгалтерлік құжаттаманы жүргізу, есеп айырысу және төлем ведомостерін қалыптастыру, бухгалтерлік есеп шоттары мен айналым-сальдолық ведомостерді талдау дағдыларының болуы;
-
Үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істей білу, белгіленген мерзімдерді сақтау және есептеулердің дәлдігін қамтамасыз ету.
Лауазымдық міндеттері:
1. Еңбекақыны есептеу және есепке жазу
-
Қызметкерлердің еңбекақысын, оның ішінде есеп айырысу кезеңдері арасындағы төлемдерді, сыйақыларды, еңбек демалысы төлемдерін, жұмыстан босатылған кездегі өтемақыларды, материалдық көмекті, жәрдемақыларды және басқа да төлем түрлерін есептеу және есепке жазу;
-
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтар мен міндетті төлемдерді есептеу және ұстап қалу;
-
Еңбекақыны, салықтарды және өзге де міндетті төлемдерді аудару үшін қажетті деректер мен тізімдерді дайындау;
-
Қызметкерлердің сұрауы бойынша есеп айырысу парақтарын, табысы туралы анықтамаларды және өзге де құжаттарды дайындау.
2. Есептелген сомалар мен төлемдерді бақылау
-
Есептелген және ұсталған сомалардың дұрыстығын тексеру, есептеулердің толықтығы мен дұрыстығын бақылау;
-
Есептелген сомалардың бухгалтерлік есеп деректеріне және есеп айырысу ведомостеріне сәйкестігін бақылау;
-
Персоналмен есеп айырысуға қатысты бухгалтерлік есеп шоттары мен айналым-сальдолық ведомостерді талдау;
-
Қызметкерлерге ақшалай қаражаттың уақтылы әрі дұрыс аударылуын бақылау, артық немесе кем төлемдердің алдын алу;
-
Төлем және есеп айырысу ведомостерін дайындау және тексеру.
3. Автоматтандырылған жүйелерде жұмыс істеу
-
1С ERP жүйесінде еңбекақыны есептеу және есепке жазу;
-
Еңбекке ақы төлеу қоры және еңбекақы қоры бойынша стандартты және стандарттан тыс есептерді қалыптастыру;
-
Есептелген және ұсталған сомалар бойынша деректердің сапасын, толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз ету;
-
Басшылық пен тапсырыс берушілердің сұрауы бойынша талдамалық ақпарат дайындау.
4. Құжат айналымы және есептілік
-
Бастапқы бухгалтерлік құжаттаманы ресімдеу, жүйелеу және тиісті тәртіппен сақталуын қамтамасыз ету;
-
Құжаттарды жауапты құрылымдық бөлімшеге уақтылы тапсыру;
-
Қызметкерлердің, басшылықтың және тапсырыс беруші компаниялар өкілдерінің сұрауы бойынша құжаттар мен ақпарат дайындау;
-
Құжаттарды ресімдеуге, есепке алуға және сақтауға қойылатын белгіленген талаптарды сақтау.
5. Өзара іс-қимыл және белгіленген талаптарды сақтау
-
Еңбекақыны есептеу және төлеу мәселелері бойынша тапсырыс беруші компаниялардың өкілдерімен және қызметкерлермен өзара іс-қимыл жасау;
-
Көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі іс-шараларға қатысу;
-
Еңбекақыны есептеуге байланысты тәуекелдерді анықтау және олар туралы басшылықты уақтылы хабардар ету;
-
Қазақстан Республикасы заңнамасының, ішкі нормативтік құжаттардың, ақпараттық қауіпсіздік пен дербес деректерді қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
-
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау.
Жұмыс шарттары:
-
Бес күндік жұмыс аптасы;
-
Сегіз сағаттық жұмыс күні: сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс — 13:00-ден 14:30-ға дейін;
-
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
-
Лауазымдық жалақы, тоқсан қорытындысы бойынша сыйақылар және материалдық көмек;
-
Әлеуметтік пакет: фитнес және стоматологиялық қызметтер;
-
Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген кезде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлеу;
-
Ұзақтығы 30 күнтізбелік күнді құрайтын жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы;
-
Қызметтік көлікпен тасымалдау.
Қажетті қабілеттер
- Клиентоориентированность
- Аналитическое и критическое мышление
- Эффективная деловая коммуникация
- Внимательность к деталям и высокая точность расчётов
- Ориентация на результат и качество работы
- Навыки планирования и организации рабочего процесса
- Ответственность за результат и соблюдение сроков
- Способность работать с большим объёмом информации
- Готовность к профессиональному развитию и совершенствованию рабочих процессов
- Соблюдение конфиденциальности и требований к защите персональных данных
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Озат)
Ұқсас вакансиялар