Жобаларды басқару кеңсесінің жетекші маманы (аутстаффинг)
«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.Білімге қойылатын талаптар:
- Бакалавр;
- мұнай-газ саласындағы/экономика/қаржы/менеджмент бағытындағы инженерлік жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
Сертификаттардың болуына қойылатын талаптар: жобаларды басқару саласындағы халықаралық біліктіліктің болуы: PMP/ PRINCE2/PgMP/ PfMP/ IPMA(қажет болса)
Кәсіби саладағы жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
- жобаларды басқару саласында кемінде 4 жыл жұмыс тәжірибесі (қажет болса мұнай-газ саласында), соңғы үш жыл ішінде қызмет ауқымы мен күрделілігі КМГ-мен салыстырылатын ірі компанияларда жұмыс тәжірибесінің міндетті болуы;
- ауқымды трансформация жобаларын әзірлеу және іске асыру тәжірибесі/Корпоративтік жобаларды басқару жүйесін енгізу жобалары;
- халықаралық жобаларды басқару стандарттарына негізделген жобаларды басқару құралдары мен әдістерін қолдану және бейімдеу тәжірибесі,
- Қазақстан аумағында және/немесе халықаралық нарықта жобаларды басқару саласындағы ірі (халықаралық) компанияларда жұмыс тәжірибесі;
- консалтингтік ұйымдармен және мемлекеттік органдармен табысты өзара іс-қимыл жасау тәжірибесі.
Міндеттерді орындау үшін қажетті білім мен дағдылар:
• жобаларды басқару саласындағы, жобаларды басқарудың әртүрлі әдістемелеріндегі расталған білім; корпоративтік жобаларды басқару жүйесін құрудағы, жобаның мазмұнына қойылатын талаптарды қалыптастырудағы, күнтізбелік және ресурстық жоспарлаудағы, мүдделі тараптармен жұмыс істеудегі, құнын бағалау және бюджетті бақылаудағы, жобаның прогресін өлшеудегі, есептілікті қалыптастыру және тәуекелдерді талдаудағы практикалық тәжірибеге негізделген;
• жобадағы өзгерістерді басқару, бизнес-процестерді оңтайландыру және жобаларда коммуникациялық орта құру дағдыларының расталғаны;
• MS Project-пен жұмыс істеу бойынша білім мен дағдылар;
• жобаларды іске асыру бойынша ірі компанияларда жоба менеджері/жобаларды басқару тобының мүшесі, Жобаларды басқару кеңсесі ретінде жұмыс тәжірибесінің болуы;
• жобаларды басқару процестерін құруда, автоматтандырылған жобаларды басқару жүйесін енгізуде білім мен дағдылардың расталғаны;
• тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау, қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету саласындағы расталған білім;
• ағылшын тілін меңгеру (Intermediate деңгейден төмен емес), қазақ тілін (A2 деңгейден төмен емес) және/немесе орыс тілін.
Қосымша талаптар:
• визуалды аналитика құралдарын меңгеру: Microsoft Power BI/Qlik Sense (қажет болса)
• жобаларды басқару ақпараттық жүйелерінде және/немесе өзге де корпоративтік ақпараттық жүйелерде жұмыс тәжірибесі (қажет болса).
Детальді функционалдық міндеттер:
1. Жобалық басқару процестерін сүйемелдеу және қолдау
1.1 Жобаларды басқару процесін ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді, соның ішінде КСУП жұмысын;
1.2 Жобалық қызметті басқару процестерін жақсарту бағыттарын анықтайды;
1.3 Жобалық құжаттарды талқылау бойынша отырыстарды ұйымдастырады;
1.4 Жобаларды басқару бойынша әдістемелік құжаттарды өзектендіреді және келісуге және қайта бекітуге енгізеді;
1.5 Жобаларды басқару бойынша стандарттар, ережелер, әдістемелер және нұсқаулық талаптарының сақталуын бақылайды;
1.6 Жобалық қызмет қатысушылары арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді процестерін қалыптастыруды және қолдауды қамтамасыз етеді: Тапсырыс берушілермен, Спонсорлармен, Кураторлармен, Жоба жетекшілерімен және жобалардың басқа да мүдделі тараптарымен;
1.7 Жобалардың іске асырылу барысы туралы мәліметтерді келіседі және өзектендіреді, жобалық топ мүшелері деректерді ұсынудың толықтығы мен уақтылылығын бақылайды.
2. Жобалардың орындалуын мониторингтеу
2.1 Жобалардың орындалуын талдайды, жобалық тәуекелдерді анықтайды;
2.2 Жобаларды басқару мәселелері бойынша комитеттердің, комиссиялардың, жұмыс топтарының жұмысына және отырыстарға қатысады;
2.3 Жобаларды басқару процестерін автоматтандыруға қатысады;
2.4 Жобалық қызмет мәселелері бойынша КМГ корпоративтік органдарының шешімдерін орындайды;
2.5 Уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйесінде жобалардың орындалуы туралы деректердің ай сайын жаңартылуын бақылайды;
2.6 Жобаларды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде орындау мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік құрылымдармен және тиісті үйлестіру бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды;
2.7 КМГ және ДЗО-ның жобалық қызметіне қатысты мәселелер бойынша материалдарды қарайды және келіседі.
3. КМГ жобаларын орталықтандырылған бақылау және мониторингпен қамтамасыз ету үшін КСУП енгізуге және дамытуға қатысу
3.1 Жобаларды басқару процестерін автоматтандыруға қатысады;
3.2 Пайдаланушыларға техникалық қолдау көрсетуге қатысады, жүйеде жұмыс істеу тәртібін түсіндіреді және ағымдағы мәселелерді шешуге көмектеседі;
3.3 КСУП пайдаланушыларынан ұсыныстар мен ескертулерді жинауды жүзеге асырады;
3.4 Жобалардың іске асырылу барысын көрсететін есептер мен дашбордтарды сүйемелдейді және өзектендіреді;
3.5 Жүйені қолдану жобаларды басқару тиімділігіне қалай әсер ететінін талдайды және оны жақсартудың ықтимал бағыттарын ұсынады.
4. КМГ жобаларын/бағдарламаларын іске асыруға қатысу (басшылықтың тапсырмасы бойынша)
4.1 Жоба/Бағдарлама командасының мүшесі/Жоба/Бағдарлама басқарушы комитетінің хатшысы рөлінде жоба/Бағдарлама міндеттерін орындайды;
4.2 Жоба/Бағдарлама командасының, Жоба/Бағдарлама басқарушы комитетінің отырыстарын ұйымдастырады, отырыстардың хаттамасын жүргізеді, олардың орындалуын қадағалайды;
4.3 Жоба/Бағдарламаны әкімшілендіреді, жоба/бағдарлама мүдделі тараптарымен өзара іс-қимыл жасайды;
4.4 Жоба/Бағдарлама бойынша есептілікті әзірлейді;
4.5 Жоба/Бағдарлама прогресін қадағалайды;
4.6 Жоба/Бағдарлама тәуекелдерін анықтайды және басқарады.
5. Жобаларды басқару кеңсесінің ұйымдастырушылық функциялары
5.1 Кеңсенің құзыретіне жататын Кеңсенің жұмыс жоспарының, КМГ стратегиясының орындалуын қамтамасыз етеді;
5.2 КМГ бұйрықтарының, сондай-ақ КМГ басшылығының Кеңсенің құзыретіне жататын тапсырмаларының орындалуын ұйымдастырады;
5.3 Кеңсенің құзыретіне жататын Қазақстан Республикасының акционерлері мен мемлекеттік органдарының жекелеген сұрау салулары бойынша ақпаратты дайындауды қамтамасыз етеді;
5.4 Кеңсенің жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыруға, қойылған міндеттерді орындауға қатысады;
5.5 Басшылыққа есептер, баяндамалар, мақалалар және т.б. дайындауды қамтамасыз етеді.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)