«KEGOC» АҚ «Ақпараттық телекоммуникациялар жүйелер» филиалының Алматы өңірлік орталығының ақпараттық технологиялар тобының пайдаланушыларды сүйемделеу және қолдау секторының инженері

Жалақы көрсетілмеген
«KEGOC» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
12

Қаралған саны:
264

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • жеке компьютерлерге, шеткері құрылғыларға, акустикалық жүйелерге, өрттен-қорғау дабылының жүйелеріне және техникалық қауіпсіздік жүйелеріне (бейнебақылау жүйелері, қолжетімділікті басқару және бақылау жүйелері, күзет және периметрлік дабыл жүйелері, дауыс зорайтқыш байланыс жүйелері) күнделікті пайдалану қызметін жүзеге асырады, қажет болған жағдайда кепілдендірілген қоректендіру жүйелерін қоса алғанда, қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысқа жарамдылығын тікелей немесе қашықтан тексеруді қамтиды;
  • ақпараттық жүйелердің және пайдаланушылардың жұмыс істеуі үшін қажетті басқа да бағдарламалық қамтамасыз етудің сапалы сүйемелдеуін қамтамасыз етеді;
  • ішкі нормативтік құжаттардың талаптары мен қызмет көрсетілетін жабдықтың зауыттық нұсқаулықтарын ескере отырып жасалған көлемдер мен кестелерге сәйкес жоспарлы-алдын алу жұмыстарын сапалы жүргізуді қамтамасыз етеді;
  • қызмет көрсетілетін жабдыққа қолжетімділікті және сервистік шектеулер деңгейін басқаруды жүзеге асырады.

Талаптар:

  • жұмыс дағдылары: жеке компьютерлерді, шеткері құрылғыларды, әлсіз ток жүйелерін, белсенді және пассивті желілік жабдықты, кепілдендірілген қоректендіру жүйелерін, акустикалық жүйелерді, құрылымдалған кабельдік желілерді монтаждау / орнату / баптау бойынша; биіктікте және альпинистік (жоғарыда) жұмыстарда;
  • оқу орталықтарында қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыруға оқудан өткенін растайтын куәліктің болуы қажет (қалаулы).
  • Инженерия және инженерлік іс, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Телекоммуникациялар, Бизнес және басқару / техникалық және кәсіби, тиісті мамандық бойынша ортадан кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім.
  • Жоғары білім – талап етілмейді / техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі білім – кемінде үш жыл.

Жағдайлар:

  • Жұмыс орны: Шу қаласынан 20 км, Жамбыл облысы, Шу ауданы (500 кВ Шу қосалқы станциясы, «KEGOC» АҚ филиалының Алматыаралық электр желілері, Шу аумақтық электр желілері).

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)