«Қазпошта» АҚ "Жалпы қызмет көрсету орталығы" филиалы Халықаралық төлемдерді өңдеу орталығы бас менеджері
«Қазпошта» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
-
1) бекітілген функционалдық бағыттар мен филиалдар шеңберінде халықаралық төлемдерді уақтылы және сапалы өңдеуді және сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
2) орталық менеджерлерінің жұмысын үйлестіру, белгіленген талаптардың сақталуын және халықаралық төлемдерді өңдеудің бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету;
3) халықаралық төлемдерді өңдеу процестеріндегі, ішкі нормативтік құжаттардағы және пайдаланылатын ақпараттық жүйелердегі өзгерістерге бейімделу, сондай-ақ процестерді жетілдіруге және кәсіби құзыреттерді дамытуға қатысу;
4) халықаралық төлемдер мәселелері бойынша бекітілген филиалдарға жетекшілік етуді жүзеге асырады;
5) ақпараттық жүйелерге халықаралық төлемдердің деректері мен деректемелерін тікелей енгізуді жүзеге асырады;
6) одан әрі өңдеу және орындау үшін халықаралық төлем тапсырмаларын жасайды және ресімдейді;
7) белгіленген функционал шегінде халықаралық төлем жасау үшін қажетті деректердің толықтығы мен дұрыстығын тексереді;
8) халықаралық төлемдерді сүйемелдеуді жүзеге асырады және туындайтын мәселелер бойынша бекітілген филиалдармен өзара іс-қимыл жасайды;
9) өз құзыреті шегінде халықаралық төлемдер мәселелері бойынша хат алмасуды жүргізеді;
10) төлемдерді іздестіру, мәртебесін нақтылау, деректемелердің күшін жою (кері қайтарып алу), оларды өзгерту және сүйемелдеудің өзге де мәселелері бойынша сұрау салуларды сүйемелдеуге қатысады;
11) орталыққа түсетін халықаралық төлемдердің жалпы ағынының мониторингін жүзеге асырады;
12) төлемдерді уақтылы өңдеуді және белгіленген мерзімдердің сақталуын бақылайды;
13) Менеджерлердің халықаралық төлемдерді өңдеу барысына ағымдағы бақылауды жүзеге асырады;
14) ЕДБ - да ашылған корреспонденттік шоттар бойынша мүдделі құрылымдық бөлімшелерге үзінді көшірмелер қалыптастырады және жібереді
15) күрделі және стандартты емес төлемдерді өңдеу кезінде менеджерлерге әдіснамалық және практикалық көмек көрсетеді;
16) Орталық басшысын проблемалық мәселелер, қателер және кідірістер туралы жедел хабардар етеді;
17) басшы болмаған кезеңде орталықтың жұмысын ұйымдастыруды, операцияларды бақылауды және оларға берілген өкілеттіктер шегінде санкция беруді қоса алғанда, оның міндеттерін атқарады.
Талаптар:
- Жоғары және/немесе орта кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі білім бейіні бойынша: бухгалтерлік есеп және аудит, және/немесе экономика, және/немесе қаржы, және/немесе банк ісі, және/немесе менеджмент, және/немесе техникалық білім
- Осы лауазымның тиісті бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы тиіс
Шарттары:
- Бес күндік жұмыс аптасы екі демалыс күнімен - сенбі және жексенбі, күнделікті жұмыс (жұмыс күні, ауысым) ұзақтығы 8 (сегіз) сағат апта сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, демалуға және тамақтануға арналған үзіліс сағат 13-00-ден сағат 14-00-ге дейін
-
Астана
Ұқсас вакансиялар
GDU диспетчері (СЫНАЛЫҚ РЕЖИМ)
«ҚазТрансОйл» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
14.10.2026 | 571
«Қазпошта» АҚ «Жалпы қызмет көрсету орталығы» филиалының Агенттік бизнес басқармасының бас менеджері
«Қазпошта» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
13.10.2026 | 154
«Қазпошта» АҚ "Жалпы қызмет көрсету орталығы" филиалы Халықаралық төлемдерді өңдеу орталығы Жетекші
«Қазпошта» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
13.10.2026 | 158