Ақтау қ. Өндірістік-шаруашылық қамтамасыз ету цехының бастығы СФ

«Қазақтелеком» АҚ Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
63

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1) орталық/цех қызметкерлеріне қойылған міндеттердің дұрыс және уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асыру; 2) сатып алу өтінімдерінің, тауар-материалдық қорларға (бұдан әрі – ТМҚ) және негізгі құралдарға арналған тауар жеткізушілерден баға ұсыныстарын сұратудың орындалуын бақылау; 3) өңір дивизиондарының құрылымдық бөлімшелерінің негізгі құралдар мен материалдарға қажеттіліктерін зерттеу, келісім бойынша СФ-мен ТМҚ, жұмыстар және қызметтерді сатып алу жоспарларын қалыптастыру; 4) операциялық бюджетті (бұдан әрі – ОБ)/Капиталдық салымдар бюджеті (бұдан әрі – БКС) қалыптастыруға бақылау жүргізу және қатысу, ОБ/БКС орындалуын бақылау және мониторингтеу; 5) шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылау (тауарды орталық қоймаға жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету); 6) әкімшілік шығыстардың есепті кезеңге белгіленген жоспарлы көрсеткіштерден өсуіне жол бермеуді қамтамасыз ету; 7) филиал қызметкерлерінің жұмыс орындарын өндірістік-шаруашылық қамтамасыз етуін, кеңсе керек-жарақтарын, жиһазды және шаруашылық тұрмыстық заттарды қажеттіліктеріне сәйкес қамтамасыз етуді ұйымдастыру, сондай-ақ олардың сақталуын бақылау және уақтылы жөндеу жүргізуді, олар шығынын есепке алуды және белгіленген есептілікті дайындауды бақылау; 8) орталық/цех бойынша белгіленген есептіліктің ұсынылуын қамтамасыз етуге бақылау жүргізу; 9) бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес азаматтық ғимараттар мен құрылыстарды салуды, реконструкциялауды, күрделі және ағымдағы жөндеуді ұйымдастыру; 10) құрылыс, күрделі және ағымдағы жөндеу мәселелерін үйлестіру; 11) ғимараттарды ұстау және шаруашылық қызмет көрсету бойынша бақылау; 12) мердігердің ағымдағы жөндеу жұмыстарын орындауын, өндірістік және қызметтік үй-жайларды жинауды, ауланы, көшелерді, ғимараттарға іргелес тротуарларды жинауды бақылау; 13) сумен жабдықтау, кәріз және жылыту желілерінде, СФ-ке бағынысты объектілерде үздіксіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету және авариялық жағдайларды жедел жоюды бақылау; 14) қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар бағдарламалары мен жоспарларын ұйымдастыру және орындауды бақылау; 15) технологиялық емес үй-жайларға арналған жайлылық кондиционерлеу жүйелеріне қызмет көрсетуді ұйымдастыру және бақылау; 16) функционалдық міндеттерді орындау барысында үшінші тарап ұйымдарының өкілдерімен өзара іс-қимыл; 17) қоршаған ортаға эмиссиялар бойынша рұқсаттарды және нақты есептеулерді, 1-ТЭБ, 2 ТП «Ауа», өңір бойынша 4 ОС есептерін уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету; 18) СФ құрылымдық бөлімшелері мен бөлімшелерінде сыртқы және ішкі өртке қарсы сумен жабдықтау желілерінің, автоматты өрт дабылының, эвакуация жолдарының, өрт дабылының техникалық құралдарының, газды өрт сөндірудің автоматты қондырғысының, адамдарды хабардар ету жүйелерінің, өрт сөндірудің бастапқы құралдарының ақаусыз күйде және толық жұмысқа дайын болуын қамтамасыз ету бойынша бақылауды жүзеге асыру; 19) Қоғам ғимараттары мен құрылыстарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бақылау; 20) СФ құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс істейтін персоналын өрт қауіпсіздігі саласында оқытуды ұйымдастыруды, нұсқамалар өткізуді бақылауды ұйымдастыру; 21) Мемлекеттік өртке қарсы қадағалау органдарының барлық құрылымдық бөлімшелер мен бөлімшелер бойынша берілген нұсқамаларының орындалуын бақылау, СФ объектілеріне өрт-техникалық тексерулер жүргізу; 22) ҚР Еңбек кодексінің, ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің және қауіпсіздік пен еңбекті қорғау, өндірістік санитария бойынша өзге де заңнамалық және нормативтік құжаттардың талаптарын орындауды қамтамасыз ету; 23) «Қоғамда қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру ережесі» стандартын орындау; 24) сумен жабдықтау, кәріз және жылыту желілерінде, лифт шаруашылығында үздіксіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету және авариялық жағдайларды жедел жою; 25) еңбек жағдайларын жақсарту және белгіленген нормалар шегінде өтінімдер коэффициентін орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; 26) азаматтық қорғаныс міндеттерімен және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша көзделген іс-шараларды орындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. 27) қажеттіліктерді жинау процесін ұйымдастыруды бақылау және Қоғамның қалдықтарын жеткізушіге беруін бақылау, электронды-электрлік жабдықты кәдеге жарату үшін, токтың химиялық көздері, құрамында сынауы бар қалдықтар, пайдаланылған майлар, макулатура, қаптама, шиналар, жиһаз, пайдаланылған картридждер.

Талаптар:

-жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі (техникалық немесе экономикалық) білім
-ұйымның бейініне сәйкес мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.