"ҚТЖ"ҰҚ"АҚ филиалы - "Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі" Бейнеу жол дистанциясының техник 1 категорий
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- PU-2 рельс журналын жүргізеді.
- Бас жолдар мен қабылдау-жөнелту жолдарындағы ақаулы рельстерге арналған PU-2A журналын жүргізеді.
- Әр шақырымдағы рельс қорын белгілейді; түйіспе саңылауларын өлшеп, тексереді; саңылаулардың жинақталуы мен реттелуіне арналған кестелер мен сызбаларды дайындайды.
- Иілу жебелерін (версиналарды) өлшеп, қисық сызық параметрлерін есептейді; иілу жебелерінің кестелерін дайындайды; рельс тозуын өлшейді.
- Жолға төселген шпалдардың есебін жүргізеді және тиісті кестелерді дайындайды.
7. Өндірістік учаскелердегі кешенді техникалық тексерулерге қатысады
8. Ағымдағы жөндеу және күрделі жөндеу жұмыстары кезінде жолдың үстіңгі құрылысы материалдарын орнату жұмыстарын қадағалайды
9. Жолды күзгі және көктемгі комиссиялық тексерулерді жүргізуге қатысады.
10. Тұтас дәнекерленген рельс жіктеріне техникалық тексеру жүргізуге қатысады.
Біліктілік талаптары:
Білімі: Орта (техникалық және кәсіптік); бекітілген бағдарлама бойынша арнайы даярлықМамандығы: Теміржол құрылысы, жол және жол инфрақұрылымы; Көпірлер мен көлік туннельдері; Көлік техникасы; Көтеру-көлік, сондай-ақ жол-құрылыс және құрылыс техникасын техникалық пайдалану
Жұмыс тәжірибесі: Алдын ала тәжірибе талап етілмейді
Қосымша талаптар:
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін (соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің актілерін) және ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметін реттейтін актілерді білуҚажетті білім дәрежесі
- Техникалық және кәсіптік білім беру