Тасымалдау құжаттарын өңдеу бойынша оператор Маңғыстау стансасы 1 класс - «ҚТЖ»ҰК» АҚ филиалы «Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі»
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Поездық және техникалық құжаттардың болуы мен сақталуын тексереді.
- Алдағы жұмыс жоспарымен, жолдардағы жылжымалы құрамның болуы мен орналасуымен, жолдық жағдаймен, жұмысқа қатысты нұсқаулармен және құжаттармен, сондай-ақ ауысымды тапсырып жатқан ПҚӨ операторының ақпараттарымен танысады.
- Кезекшілікті қабылдау кезінде, ауысым барысында және оны аяқтаған кезде анықталған барлық ескертулер мен бұзушылықтар туралы станция кезекшісіне (бұдан әрі – ДСП) баяндайды.
- Локомотив бригадасынан (станциядағы қабылдау бункерлерінен) тасымалдау құжаттарының пакеттерін қабылдайды және тапсырады, оларды ДУ-40 нысанындағы құжаттарды қабылдау-тапсыру журналында қол қойдыру арқылы тіркейді, тасымалдау құжаттарының толықтығы мен сәйкестігін тексереді.
- Әскерилендірілген теміржол күзеті (ВЖДО) қызметкерлерінің алып жүруі мен күзетуіне жататын номенклатуралық жүктерді «Жүкті күзетке тапсыру кітабына» тіркеп, ХУ-5 журналында қол қойдыру арқылы ВЖДО қызметкерлеріне тапсырады.
- Тасымалдау құжаттарын пойыз құрамындағы вагондардың орналасу тәртібіне сәйкес топтастырып, пакеттерге жинақтайды.
- Арнайы жылжымалы құрам мен жұмыс істемейтін парк вагондарына тасымалдау құжаттарын іріктеу кезінде қосымша ілеспе құжаттардың болуын тексереді.
- Тасымалдау құжаттарының вагондардан және вагондардың тасымалдау құжаттарынан бөлінуіне жол бермейді, қалған тасымалдау құжаттарының болуын тексереді.
- Жөнелтуге дайын барлық пойыздарға тасымалдау құжаттарының пакеттерін локомотив бригадасына ДУ-40 журналында қол қойдыру арқылы жеткізеді.
- Пойыз толықтырылған кезде әрбір қосылатын вагонға тасымалдау құжаттарының болуын, олардың дұрыс топтастырылуын және натурлық параққа сәйкестігін тексереді, ТГНЛ мәліметтерін әрбір вагон бойынша тасымалдау құжаттарының мәліметтерімен салыстырады.
- Операцияның орындалу уақыты туралы хабарламалардың уақтылы енгізілуін қамтамасыз етеді.
- Келіп түскен пойыздар бойынша ТГНЛ сұратады және ТГНЛ мәліметтерін әрбір вагонның тасымалдау құжаттарымен салыстырады.
- Техникалық және коммерциялық тексеру нәтижелері бойынша ТГНЛ-ге түзетулер енгізеді.
- Станция жолдарында қалыптастырылған әрі натурлық тексеруден өтпеген құрамдардың болуын тексереді.
- Қалыптастырылған барлық пойыздарды натурлық тәсілмен тексереді, қандай да бір сәйкессіздік анықталған жағдайда бұл туралы станция кезекшісіне баяндайды.
- Вагондарға қатысты тасымалдау құжаттарына күнтізбелік мөртабан қояды.
- Жергілікті вагондары бар пойыз станцияға келгеннен кейін ПҚӨ операторы тасымалдау құжаттарын тексеру барысында станция атына келген вагондардың құжаттарын іріктеп алады. Тасымалдау құжаттарын СТЦ ПСГ-дан беру тасымалдау құжаттарын тапсыру кітабында қол қойдыру арқылы жүзеге асырылады.
- Кедендік жүктердің транзиттік және жергілікті вагондар бойынша жеткізілу мерзімін бақылайды. Жеткізу мерзімі өтіп кеткен немесе аяқталуға жақын вагон анықталған жағдайда ГУ-23 жалпы нысанындағы актіні рәсімдейді, телефон арқылы кеден органдарына хабарлайды, сондай-ақ станция басшылығын және талап-арыз бөлімін хабардар етеді, бұл туралы журналға тіркеу жүргізеді.
- Жүктерді жеткізу мерзімін бақылайды. Мерзімі өтіп кеткен вагондар анықталған жағдайда ГУ-23 жалпы нысанындағы актіні жасап, жедел жеделхат жолдайды.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: техникалық және кәсіптік орта білім.
- Мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану.
- Жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж