«Ембімұнайгаз» АҚ «Қайнармұнайгаз» МГӨБ құрылыс бөлімінің құрылысты қадағалау жөніндегі жетекші инженері
«Ембімұнайгаз» АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Лауазымдық міндеттемелер:
- Басқарманың жұмыс бағдарламасын қалыптастыруға қатысу. Өндірістік және әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы мұнай кәсіпшілігі объектілерін капиталдық құрылыс пен жөндеу бөлігінде басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің қажеттіліктерін анықтау. Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің өтінімдері негізінде және басқарма басшылығымен келісе отырып, өндірістік тапсырмаларды орындау қажеттілігін анықтайды;
- Басқарманың ғимараттары мен имараттарын капиталдық құрылысқа және жөндеуге арналған индикативтік және жылдық жоспарларды әзірлеу үшін бастапқы материалдарды дайындау, оларды компания бюджетімен байланыстыру (үйлестіру);
- Бекітілген күрделі жұмсалымдар жоспарын құрылыс кезеңіне негізгі көрсеткіштерді тоқсандар бойынша бөле отырып, басқарманың құрылымдық бөлімшелеріне жеткізу: күрделі жұмсалымдар, өндірістік қуаттар мен негізгі қорларды іске қосу және басқа да көрсеткіштер;
- Құрылыс барысын бақылау және Басқарма басшылығымен, компанияның күрделі құрылыс департаментімен (бұдан әрі – КҚД) объекті құрылысын бастау, тоқтата тұру, тоқтату және оны консервациялау туралы шешімдерді келісуге ұсыну;
- Құрылыс бөлімінің инженерлік қызмет көрсетуге тиісті лицензиясы бар мердігерлік мамандандырылған компаниялардан құрылысты реттеу желілерін заттай шығаруды және жобаланатын құрылыстардың (трассалардың) координаттары көрсетілген бөлу схемаларын қоса бере отырып, тиісті актілерді жасау арқылы геодезиялық бөлу негізін қабылдауын ұйымдастыру және бақылау;
- Құрылыс бөлімінің мердігерлік құрылыс компанияларына жобаланатын құрылыстардың (трассалардың) координаттары көрсетілген бөлу схемаларын қоса бере отырып, тиісті актілерді жасау арқылы геодезиялық бөлу негізін беруін ұйымдастыру және бақылау;
- Құрылысы аяқталған объектілерді қабылдау, жұмысшы және Мемлекеттік қабылдау комиссияларына ұсынған кезде объектілерді салу процесінде мердігерлік компаниялардың барлық атқарушылық-техникалық құжаттаманы ұсынуын міндетті түрде бақылау;
- №2 және №3 нысандар бойынша орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарын тексеру, сондай-ақ басқарманың жетекшілік ететін объектілері бойынша орындалған жұмыстардың сапасын және олардың жобаға және сапаға сәйкестігін жүйелі түрде тексеру;
- Қоғамның бюджетіне сәйкес басқарманың құрылыс материалдары мен тауарлық-материалдық құндылықтарына жылдық өтінімдерді жасау жұмысын ұйымдастыру;
- Жер учаскелерін объектілер құрылысына пайдалану мәніне зерттеп-қарау жөніндегі комиссия құрамында жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп қатысу, кейіннен жердің жай-күйі туралы акт алу және есептен шығару;
- Басқарма бастығының бұйрығы негізінде күрделі құрылыс, ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу объектілеріне байланысты барлық мәселелерге жетекшілік (кураторлық) етуді жүзеге асырады;
- Күрделі құрылыс, ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу объектілері бойынша техникалық қадағалау функциясын жүзеге асырады;
- Құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысын бағалау және талдау үшін жетекшілік ететін күрделі құрылыс, ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу объектілеріне тұрақты түрде (айына кемінде 4-5 рет) барып тұруды жүзеге асырады.
Талаптар:
Білімі (мамандық/біліктілік): жоғары (құрылыс мамандығында) білімі
Қызмет профилі бойынша жұмыс тәжірибесі: құрылыс қызметі саласындағы инженерлік-техникалық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі
Басқару тәжірибесі: талап етілмейді
ҚМГ компаниялар тобында/мұнай газ саласында жұмыс тәжірибесі : мүмкіндігінше
Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті білім:
- Қызметтік міндеттерін орындауға қажетті деңгейде мемлекеттік тілді меңгеруі;
- Қауіпті өндірістік объектілердегі (ҚӨО) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары;
- «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңы;
- Қазақстан Республикасының күрделі құрылыс мәселелері жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері мен әдістемелік материалдары;
- Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасымен өзара іс-қимыл жасау қағидалары.
- ҚР ҚН (Құрылыс нормалары) және ҚР ЕЖ (Ережелер жинағы) жүйесін білу;
- Қауіпті өндірістік объектілердегі (ҚӨО) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы білімді тексеруден өту қағидаларын білу;
- ҚР Заңына сәйкес объектілерді пайдалануға қабылдау тәртібін білу (қабылдау және жұмыс комиссияларының жұмысы, қабылдау актісіне қол қою);
- ҚР нормативтік актілерімен бекітілген жасырын жұмыстарды куәландыру актілерінің, құрастырылымдарды аралық қабылдау актілерінің және атқарушылық схемалардың нысандары (формалары).
Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- MS Office (SAP, Word, Excel, PowerPoint, Outlook, Documentolog) қолданбалы бағдарламалар пакетінде жұмыс істеу дағдыларының деңгейі;
- Іскерлік хат алмасу дағдыларының болуы;
- Командада жұмыс істеу.
Жұмыс шарттары:
Жұмыс орны: «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-сы
Жұмыс кестесі – вахталық әдіс - 7/7
Әлеуметтік пакет
Медициналық сақтандыру
Ұқсас вакансиялар
Релелік қорғаныс және автоматика инженері
«GPC Investment» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Атырау қ.
02.10.2026 | 4309
ТҮБАЖ жөніндегі инженер (аутстаффинг)
«Өріктау Оперейтинг» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Ақтөбе қ.
14.10.2026 | 282
"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Жолды диагностикалау орталығы" филиалының дефектограммаларды ажырату бөлімінің менеджері
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Центр диагностики пути» | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
12.10.2026 | 1185
от 482 846