ТҮБАЖ жөніндегі инженер (аутстаффинг)
«Өріктау Оперейтинг» ЖШС Ақтөбе қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Білім:
- Технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару жүйелерін (ТПАБЖ), аварияға қарсы автоматты қорғанысты (АҚАҚ), SCADA-жүйелерін, бағдарламаланатын логикалық контроллерлерді (ПЛК), өнеркәсіптік байланыс желілерін құру, жұмыс істеу, техникалық пайдалану, диагностика және техникалық қызмет көрсету қағидаттары, сондай-ақ бақылау-өлшеу аспаптарының (БӨА), автоматтандыру құралдарының, атқарушы механизмдердің және мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмыс істеу қағидаттары, техникалық сипаттамалары және пайдалану ерекшеліктері;
- Мұнай, газ және газ конденсатын өндіру, дайындау және тасымалдау объектілерінің жабдықтарының құрылысы, мақсаты, технологиялық процестері және жұмыс істеу қағидаттары, сондай-ақ өндірістік объектілерде автоматтандыру жүйелерінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, пайдалану және техникалық қызмет көрсетуге қойылатын талаптар;
- Қазақстан Республикасының заңнамасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары (СТ РК), мемлекетаралық стандарттар (ГОСТ), технологиялық процестерді автоматтандыру, өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі, экологиялық қауіпсіздік және электр қауіпсіздігі саласындағы ережелер, нұсқаулықтар және өзге де нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттар.
1) бақылау-өлшеу аспаптарын, автоматтандыру құралдарын, атқарушы механизмдерді және ТПАБЖ жабдықтарын пайдалану, техникалық қызмет көрсету, диагностика, монтаж/демонтаж және баптау дағдылары;
2) автоматтандырудың функционалдық, құрылымдық және принциптік сызбаларын, қосу сызбаларын, сондай-ақ техникалық құжаттаманы оқу және талдау дағдылары;
3) жобалық, техникалық және жобалау-сметалық құжаттамамен жұмыс істеу дағдылары;
4) ТПАБЖ жабдықтарының, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматикасының (БӨАжА), сондай-ақ өнеркәсіптік байланыс желілерінің жұмысындағы ақауларды анықтау, талдау және жою дағдылары.
Міндеттер:
- Бақылау-өлшеу аспаптарын, құралдар мен автоматтандыру жүйелерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде мердігер ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыру;
- Технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару жүйелерінің (ТПАБЖ), аварияға қарсы автоматты қорғаныстың (АҚАҚ) және бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматикасының (БӨАжА) үздіксіз әрі сенімді жұмысын қамтамасыз ету, оның құрамына кіретін техникалық және бағдарламалық құралдарды қоса алғанда;
- ТПАБЖ, АҚАҚ және БӨАжА жүйелерінің үздіксіз әрі сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті жабдыққа, бақылау-өлшеу аспаптарына, автоматтандыру құралдарына, қосалқы бөлшектер мен материалдарға қажеттілікті айқындау;
- Өлшеу құралдарын уақтылы тексеруге (поверкаға) ұсынуды қамтамасыз ету, сондай-ақ өз құзыреті шегінде белгіленген тексеру мерзімдерінің сақталуын бақылау;
- Материалдарды, қосалқы бөлшектерді, жабдықты және өзге де өндірістік ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;
- Құзырет шегінде Товарищество бөлімшелерінің қызметкерлері мен мердігер ұйымдарға арналған БӨАжА жабдықтарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу;
- Жөндеу жұмыстарының көлемін айқындауға қатысу, жоспарлы-ескертпелі жөндеу (ЖЕЖ) кестелерін әзірлеу және өзге де техникалық құжаттаманы дайындау;
- БӨАжА жабдықтарындағы ақаулар мен жұмыс бұзушылықтарының себептерін талдау, өлшеу дәлдігін арттыру, өлшеу бақылауының сапасын жақсарту және жабдықтың сенімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу және ұсыну;
- Жабдықтар мен автоматтандыру жүйелерін диагностикалау, монтаждау, баптау, жөндеу және пайдалануға енгізу бойынша күрделі жұмыстарды тікелей орындауға қатысу;
- Технологиялық процестерді автоматтандыру бойынша жобалық құжаттаманы қарастыру және оның нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына, сондай-ақ өндірістік объектілерді пайдалану шарттарына сәйкестігін тексеру;
- Өндірістік объектілерді жаңғырту, реконструкциялау және салу кезінде жабдықтар мен автоматтандыру жүйелерін қабылдауға қатысу, сондай-ақ орындалған жұмыстардың жобалық және техникалық құжаттамаға сәйкестігін тексеру;
Талаптар:
- Біліктілік талаптары: «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша немесе ұқсас мамандық бойынша жоғары техникалық білім.
- Кәсіби салада кемінде 3 жыл еңбек өтілі.
Шарттар:
- вахталық әдіс 15х15
- аутстаффинг
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Ұқсас вакансиялар
Электрохимиялық қорғаныс жөніндегі инженер (аутстаффинг)
«Өріктау Оперейтинг» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Ақтөбе қ.
09.10.2026 | 461
Инженер-механик (аутстаффинг)
«Өріктау Оперейтинг» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Ақтөбе қ.
09.10.2026 | 633
БӨАжәнеА жөніндегі инженер (уақытша)
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Павлодар қ.
14.10.2026 | 1250
552 991 - 552 991 KZT