Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің Шу жолының механикаландырылған дистанциясы, Шу-3 станциясының өндірістік учаскесінің инженер-технологы.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Жабдықтың техникалық жай-күйін, жөндеу жұмыстарының сапасын тексеруге, сондай-ақ кәсіпорынға жаңадан келген жабдықты қабылдауға қатысады, қажет болған жағдайда мыналарды ресімдейді шағымдарды, оны есептен шығаруға немесе басқа кәсіпорынға беруге арналған құжаттаманы.
- Кәсіпорынның балансында есептен шығаруға жататын негізгі құрал-дарды есептен шығаруға байланы-сты қажетті жұмыстарды орындай-ды
- Жаңа технологиялық процестерді игеру және оларды өндіріске енгізу бойынша тәжірибелік жұмыстарды жүргізуге қатысады.
- Цехтарда технологиялық тәртіптің сақталуын және технологиялық жабдықтардың дұрыс пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады
- Белгіленген талаптардың, қолданыстағы нормалардың, ережелер мен стандарттардың сақталуын бақылайды. Ақаудың себептерін талдайды, олардың алдын алу шараларын әзірлеуге қатысады.
- Кәсіпорынның автотракторлық және жол жүру техникасын пайда-лануға байланысты ПО-9 ныса-нындағы ай сайынғы және жылдық есептерді құрастырады.
- Жаңа құрылыспен және жөндеу жұмыстарымен байланысты жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге арналған тапсырмаларды әзірлеуге және бекітуге қатысады.
- Бекітілген нысандар бойынша және белгіленген мерзімдерде жұмыс кестелерін, өтінімдерді, нұсқаулықтарды, түсіндірме жазбаларды, сызбаларды, басқа да техникалық құжаттаманы, сондай-ақ белгіленген есептілікті құрастырады.
- Жол машиналарының жағдайын көктемгі, күзгі тексеру комисси-ясына қатысу.
- Рационализаторлық қызметті, техникалық жаңалықтарды дамыту және жетілдіру, рационализаторлық қызметті күшейту бойынша қажетті жұмыстарды жүргізеді.
- Жүктелген міндеттер шегінде хат-тарды дайындайды, хат алмасуды жүргізеді
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі). орта (техникалық және кәсіптік)
- Мамандығы: Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы; Көпірлер мен көлік тоннельдері; Көлік техникасы мен технологиялары; Көтергіш-көлік, құрылыс-жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану
- Жұмыс тәжірибесі: 1. жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) еңбек өтіліне талап етілмейді, 2. орта (техникалық және кәсіптік) 2 жылдан кем емес
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Колледж