«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы Цифрландыру дирекциясының ТПАБЖ және МҚ басқармасының ТПАБЖ және БӨА бөлімінің инженері

«ҚазТрансОйл» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
19

Қаралған саны:
261

   Конкурс туралы
Еңбек міндеттерін орындау үшін қажет білім:
  • технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару жүйелері (ТПАБЖ), диспетчерлік бақылау және басқару жүйелері (ДББЖ), бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика (БӨАжА);
  • мұнай тасымалдау технологиялық процестеріжәне; 
  • өрттің автоматты дабылын беру және электрмен басқару жүйелері;
  • құбырларды автоматтандырылған басқару жүйелерін құру және пайдалану бойынша регламенттейтін нормативтік құжаттар;
  • заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу;
  • менеджмент жүйелері;
  • мемлекеттік тілді базалық деңгейде меңгеру СТ РК 1928-2023 сәйкес.
Негізгі еңбек міндеттері:
  • перспективалық жоспарларды әзірлеу кезінде (Бизнес-жоспар, «ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) магистральдық құбырларға салынатын және қайта жаңартылатын объектілерге арналған техникалық-экономикалық негіздемелер) келіп түскен өтінімдерді қарау, талдау және жинақтау, технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару жүйелерінің (бұдан әрі – ТПАБЖ) техникалық және бағдарламалық құралдар кешені (бұдан әрі – ТБҚК) бөлігінде, оның ішінде Бөлімшенің бюджетіндегі шығыс бөлігі бойынша келіп түскен өтінімдерді талдау және жинақтау;
  • сатып алу құжаттамасының жобасын әзірлеу, онда сатып алынатын ТМҚ-ға техникалық сипаттама, техникалық және өзге де талаптар, әлеуетті жеткізушілерге қойылатын талаптар қамтылып, кейін сатып алулар бойынша жүргізілген іс-шараларға қорытындыны қарау, талдау, дайындаумен жалғасады;);
  • шарттарды әкімшілендіру (орындалуын мониторингтеу, туындайтын мәселелерді келісу, төлемдерді жүргізу және т.б.) ТПАБЖ және БӨАжА бөлігінде ТБҚК бойынша;
  • әзірленетін жобалау-сметалық құжаттаманың техникалық шешімдерін қарау және талдау, ескертпелерді қалыптастыруға қатысу, жобалау-сметалық құжаттама бойынша қорытынды дайындау;
  • жұмыс жоспарларын айға келісу және орындалған жұмыстар туралы есептерді техникалық қызмет көрсету және жөндеу кестесіне сәйкес келісу кезінде жоспарларды жинау, талдау, келісулерді жолдау, жұмыстардың орындалуын мониторингтеу;
  • Бөлімше шеңберінде бюджеттегі шығыс бөлігі бойынша келіп түскен өтінімдерді қарау, талдау және жинақтау;
  • ТПАБЖ құралдары мен жүйелерінің істен шығулары бойынша, аварияға қарсы қорғаныс, күзет-өрт дабылы, өрттің автоматты дабылын беру және электрмен басқару, газ дабылы бойынша өтінімдерді жинау, талдау; іс-шараларды қалыптастыру және олардың орындалуын мониторингтеу;
  • тауарлы-материалдық қорларды сатып алуға арналған өтінімдерді жинау, талдау, жөндеу-пайдалану қажеттіліктері үшін жиынтық өтінімді қалыптастыру, оның ішінде авариялық қорды қалыптастыру;
  • ТПАБЖ ТБҚК техникалық сүйемелдеуі үшін мамандарды оқытуға арналған өтінімдерді жинау, талдау;
  • құжаттаманы өзектендіру, Бөлімше шеңберінде техникалық минимум бойынша жабдықты пайдалану жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу;
  • оған тікелей басшысымен және Қоғамның ішкі құжаттарымен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр