«KEGOC» АҚ «Ақпараттық телекоммуникациялық жүйелер» филиалының телекоммуникациялар тобының коммуникациялық тораптар секторының инженері
Міндеттері:
-
кезекші инженердің функцияларын орындайды, ауысым басталған кезде ақпараттық-телекоммуникациялық кешеннің (талшықты-оптикалық байланыс желісі, сымсыз байланыс жүйелері, кепілдендірілген қоректендіру жүйелері, жоғары жиілікті байланыс және басқа да жүйелер) жұмысқа қабілеттілігін тұрақты қашықтан мониторинг жасайды; жүйелердің жұмыс істемейтіндігі анықталған жағдайда нұсқаулыққа сәйкес бастапқы диагностика жүргізеді және регламентке сәйкес жауапты тұлғаларды хабардар етеді;
- электронды-диспетчерлік журналда ақпараттық-телекоммуникациялық кешен жабдықтарын жұмысқа енгізу және жұмыстан шығару бойынша жоспарлы және авариялық өтінімдердің жоспарын және олардың мәртебесін қалыптастырады, сондай-ақ өзін-өзі қызмет көрсету порталында инциденттер мен сұрауларды тағайындауды жүзеге асырады;
- ақпараттық-телекоммуникациялық кешен жабдықтарының жай-күйі туралы тәуліктік анықтаманы қалыптастырады, оны нұсқаулыққа сәйкес мүдделі тұлғаларға таратуды қамтамасыз етеді;
- АТС-пен интеграцияланған диспетчерлік қосалқы жүйенің серверлері мен селекторлық байланыс жүйелеріне эксплуатациялық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, оған қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысқа қабілеттілігін тікелей немесе қашықтан тексеру кіреді;
Талаптар:
-
экологиялық менеджмент) халықаралық стандарттау ұйымының (ISO) стандарттары, (GSM) Еуропалық телекоммуникациялық стандарттар институтының (ETSI).
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыруды жүргізетін оқу орталықтарында оқудан өткендігі туралы куәліктің болуы қажет/құптарлық.
-
Мамандығы (бағыты): Инженерия және инженерлік іс, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Телекоммуникациялар, Бизнес және басқару / техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі (орта арнайы, орта кәсіптік) тиісті мамандық бойынша білім.
Энергетика, автоматтандыру, ақпараттық технологиялар, телекоммуникациялар саласында жұмыс тәжірибесі. - кемінде үш ай жұмыс тәжірибесі
Шарттары:
- Жұмыс орны филиалдың әкімшілік ғимаратында орналасқан «KEGOC» АҚ «Оңтүстік мемлекетаралық электр желілері», мекенжайы: Шымкент қ., Бауыржан Момышұлы көшесі, 27
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)