«Құқықтық қамтамасыз ету» департаментінің бас менеджері

«Самұрық - Энерго» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
16

Қаралған саны:
105

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1) Қоғамның Басқармасының, Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімдері/материалдарын, бұйрықтарды және Қоғамның басқа да ішкі актілерін Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкестігі тұрғысынан құқықтық сараптамадан өткізеді;

2) Қоғамның Директорлар кеңестері/қадағалау кеңестері, Жалғыз акционер/Жалғыз қатысушы немесе Қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысы/Қоғамның қатысушыларының жалпы жиналысы арқылы Қоғамның еншілес ұйымдарының материалдары/шешімдерін Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына, «Самұрық-Қазына» АҚ АО-ның, Қоғамның және Қоғамның еншілес ұйымдарының ішкі нормативтік құжаттарына сәйкестігі тұрғысынан құқықтық сараптамадан өткізеді;

3) Қоғамның қызметіне қатысты мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарайды;

4) Сот талқылауларына қатысу арқылы, сондай-ақ Қоғамның қызметіне қатысты құқықтық мәселелер қарастырылатын кезде мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда Қоғамның мүдделерін сотта білдіреді;

5) Қоғамның қызметіне қатысты мемлекеттік органдардың хабарламаларын, ұйғарымдарын және өзге де актілерін қарайды және олар бойынша жауаптар дайындайды;

6) Қоғамның және ДЗО-ның қатысуымен болатын сот талқылауларына талдау жүргізеді;

7) Сот органдарында ДЗО-ның құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша қорытындылар мен ұсынымдар дайындайды;

8) Қоғамның құрылымдық бөлімшелері ұсынған материалдар негізінде белгіленген тәртіпке сәйкес жеке және заңды тұлғаларға қатысты талап-арыздар, талаптар дайындайды;

9) Қарауға Қоғамға түсетін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, «Самұрық-Қазына» АҚ актілерін құқықтық сараптамадан өткізеді, оның ішінде, бірақ онымен шектелмей, Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерінің, «Самұрық-Қазына» АҚ актілерінің Қоғамның қызметіне қатысты мәселелер бойынша мазмұндық бөлігін пысықтайды, ұсыныстар мен ескертпелер әзірлейді, салыстырмалы кестелер, түсіндірме жазбалар, анықтамалар қалыптастырады, қажет болған жағдайда жұмыс топтарына және кеңестерге қатысады;

10) Қоғамның құрылымдық бөлімшелері әзірлеген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын және (немесе) қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге, «Самұрық-Қазына» АҚ актілеріне қатысты ұсыныстар мен ескертпелерді құқықтық сараптамадан өткізеді, олар бойынша белгіленген тәртіпке сәйкес ұсыныстар мен ескертпелер дайындайды және ұсынады;

11) Қоғамның, оның тәуелді және еншілес ұйымдарының қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану мәселелері бойынша жұмыс топтарына, комиссияларға, кеңестерге қатысады, сондай-ақ қызметтік тергеулерге қатысады;

12) Қоғамның қатысуымен құрылған/қайта ұйымдастырылған/жойылған мәселелері бойынша еншілес ұйымдардың органдарының шешімдерінің жобаларын, сондай-ақ Қоғамның және/немесе оның еншілес ұйымдарының қатысуымен бірлескен кәсіпорындардың құрылтай құжаттарының/шарттарының жобаларын, жарғыларын құқықтық сараптамадан өткізуді жүзеге асырады;

13) Қоғамның қызметін құқықтық қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін ішкі нормативтік құжаттарды белгіленген тәртіпте әзірлеуді және келісуді жүзеге асырады;

14) Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мен ДЗО-ның құқықтық мәселелер бойынша өтініштерін қарайды, олар бойынша құқықтық сипаттағы қорытындылар мен ұсынымдар дайындайды;

15) Басшылықтың тапсырмасы бойынша Департамент құзыреті шеңберінде контрагенттердің өкілдерімен кеңестерге, кездесулерге, келіссөздерге қатысады, талқылау барысында құқықтық сипаттағы ұсыныстар мен ескертпелер әзірлейді және аталған кеңестерде тиісті ұстаныммен сөз сөйлейді;

16) Қоғамның қызметіне қатысты мемлекеттік органдардың хабарламаларына, ұйғарымдарына және өзге де актілеріне жауаптарды (пікірлерді) дайындайды, сондай-ақ Қоғамның дебиторлық және кредиторлық берешек мәселелері бойынша, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша талаптарға жауаптарды (пікірлерді) дайындайды;

17) Қолданыстағы Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына өзгерістер енгізу және оларды қолдану кезінде негізгі түрдегі ішкі нормативтік құжаттарды (бұйрық, өкім, Директорлар кеңесі мен Қоғам Басқармасының шешімі) тиісті түрде өзектендіру қажеттілігі анықталған жағдайда олардың заңды күшін жойды деп тану бойынша ұсыныстар дайындайды.



Талаптар:

  • Жоғары заңгерлік білім
  • Кәсіби салада практикалық жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл
  • Претензиондық-исковая жұмыс жүргізу тәжірибесі.
  • Қазақстан Республикасының заң жобалары мен заңға тәуелді актілер жобаларын әзірлеу және сүйемелдеу бойынша топтарға қатысу тәжірибесі.
  • Қоғамның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу.
  • Соттарда, ұйымдарда, мемлекеттік органдарда компанияның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету дағдылары.
  • Құқықтық мониторинг дағдылары.
  • Құжаттарға құқықтық сараптама жүргізу дағдылары: олардың Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына және компанияның ішкі стандарттарына сәйкестігін бағалау.
  • Ақпараттың үлкен көлемін талдау және жүйелеу дағдылары, қалыптасқан проблемалық жағдайларды шешудің ең тиімді, ұтымды тәсілдерін айқындау және білікті сараптамалық қорытынды дайындау.
  • Тиімді келіссөздер жүргізу дағдылары (сендіру, өзара тиімділікті іздеуге бағдарлану).
  • Заңгерлік консультанттармен өзара іс-қимыл дағдылары.
  • Іскерлік хат алмасу дағдылары.

Қажетті қабілеттер

  • 1) Опыт ведения претензионно-исковой работы.
  • 5) Навыки правового мониторинга.
  • 8) Навыки ведения эффективных переговоров (умение убеждать, ориентация на поиск обоюдной выгоды).
  • 9) Навыки взаимодействия с юридическими консультантами.
  • 10) Навыки деловой переписки.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман