Басқарма хатшылығының бас менеджері

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
26

Қаралған саны:
297

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

1. Басқарма отырысының жұмысын жоспарлау: Барқарманың жұмыс жоспарын әзірлеу үшін ақпарат жинау; Басқарманың жұмыс жоспарын әзірлеу, келісу және бекіту. 2. Басқарма отырысының жұмысын ұйымдастыру: Басқарманың қарауына ұсынылған материалдарды қарап шығу (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде); Басқарманың бетпе-бет өтетін отырыстарының, сондай-ақ сырттай дауыс беру немесе аралас форматтағы отырыстардың күн тәртібін дайындау; Басқарма мүшелерінің танысуын қамтамасыз ету мақсатында күн тәртібіне қатысты материалдарды тиісті платформаға орналастыру. Отырыс хаттамаларын әзірлеу және оларға қол қоюды ұйымдастыру; Басқарма отырыстарының хаттамаларынан үзінді көшірмелерді дайындау; Басқарма шешімдерін электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеу; Басқарма шешімдері мен хаттамаларының есебін жүргізу және құжаттарды Компания мұрағатына тапсыру; Басқарма шешімдерінің орындалу барысын бақылау; Басқарманың бетпе-бет отырыстарын ұйымдастыру; сондай-ақ Басқармаға арналған материалдарды дайындау кезінде Компанияның құрылымдық бөлімшелеріне әдістемелік қолдау көрсету. 3. Басшылық отырысын ұйымдастыру: Басқарма Төрағасының төрағалығымен басшылық отырысын ұйымдастыру; отырыс материалдарын дайындау; отырыс хаттамасының жобасын әзірлеу, оны Компания басшылығымен келісу және оған қол қою; сондай-ақ хаттаманы Компанияның тиісті құрылымдық бөлімшелеріне жолдау. 4. Компанияның біріктірілген жылдық есебі үшін Басқарма қызметі туралы есепті дайындау.

Білім:

Білім деңгейі: Жоғары білім Мамандық бағыты: Экономика, құқық, менеджмент немесе халықаралық қатынастар

Дағдылар:

- денсаулық сақтау, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесінің негіздерін білу және түсіну; - бөлімшенің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу; - корпоративтік басқару қағидаттары мен стандарттарын білу; - іскерлік хат алмасу дағдылары; - ақпараттың немесе құжаттардың үлкен көлемін талдау және өңдеу дағдылары; - жедел/әкімшілік жиналыстарды ұйымдастыру және хаттама жүргізу дағдылары; - MS Office бағдарламаларын еркін меңгеру; - еңбекті қорғау, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесінің негіздерін білу және түсіну.

Қосымша:

Нормативтік құқықтық актілерді білу

Білетін тілдер:

Ағылшын тілін еркін меңгеру