Ақтау қаласындағы «KMG Digital» ЖШС филиалының Өндірісті қолдау және еңбекті қорғау бөлімі инженері

«KMG Digital» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
58

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1. Лауазымдық міндеттері шеңберінде пайдаланушылардың өтінімдерін орындайды және техникалық құжаттаманы жүргізеді.
2. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
3. Ақпараттық жүйелер мен цифрлық шешімдерді енгізуге, тестілеуге және сүйемелдеуге қатысады
4. Техникалық қолдау және жабдықты пайдалану мәселелері бойынша Тапсырыс берушінің ІТ-бөлімшелерімен өзара әрекет етеді
5. Деректердің резервтік көшірмесін жасау мен қалпына келтіруді бақылайды.
6. Корпоративтік электрондық поштаны және коммуникация жүйелерін сүйемелдеуді жүзеге асырады.
7. Пайдаланушылардың есептік жазбаларын және ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқықтарын басқаруды қамтамасыз етеді.
8. Жергілікті есептеу желілерін және желілік жабдықты баптау мен сүйемелдеуді жүзеге асырады
9. Пайдаланушыларға техникалық қолдау көрсетеді, ақаулықтарды диагностикалайды және жояды.
10. Windows Server, Linux және Active Directory операциялық жүйелерін әкімшілендіруді жүзеге асырады.
11. Бағдарламалық
қамтамасыз етуді және жұмыс станцияларын орнату, баптау және техникалық қызмет көрсету.
12. Компьютерлік, серверлік және желілік
жабдықтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.

Талаптар:

  • Қызмет бейіні бойынша кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі
  • Жоғары кәсіби білім
  • Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:

    1. Microsoft Windows Server және Linux операциялық жүйелерін әкімшілендіру қағидаттарын білу.
    2. Серверлік, компьютерлік және желілік жабдықтың жұмыс істеу қағидаттарын білу.
    3. TCP/IP желілік хаттамаларын және жергілікті есептеу желілерін баптаудың негіздерін білу.
    4. Active Directory, DNS, DHCP әкімшілендіру қағидаттарын және пайдаланушылардың қол жеткізуді басқаруды білу.
    5. Бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату, баптау және сүйемелдеу қағидаттарын білу.
    6. Деректердің резервтік көшірмесін жасау және қалпына келтіру негіздерін білу.
    7. Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау негіздерін білу
  • Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
    1. Аналитикалық ойлау, коммуникабельділік, жауапкершілік, бастамашылдық және стресске төзімділік.
    2. Мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру
    3. Пайдаланушыларға техникалық қолдау көрсету және кеңес беру дағдылары.
    4. Техникалық құжаттама, нұсқаулықтар және техникалық тапсырмаларды дайындау дағдылары.
    5. Деректердің резервтік көшірмесін жасау және қалпына келтіруді ұйымдастыру дағдылары.
    6. Компьютерлік жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етудегі ақаулықтарды диагностикалау және жою дағдылары.
    7. Active Directory әкімшілендіру және пайдаланушылардың есептік жазбаларын басқару дағдылары.
    8. Желілік және коммутациялық жабдықты баптау және қызмет көрсету дағдылары.
    9. Автоматтандырылған жұмыс орындарын (АЖО) орнату, баптау және техникалық қызмет көрсету дағдылары.
    10. Microsoft Windows Server және Linux операциялық жүйелерін әкімшілендіру дағдылары.

Шарттар:

  • Аутстаффинг секторында ресімдеу
  • Әлеуметтік пакет